Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет273/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   832
Байланысты:
струков патан

Лимфалық
түйіндердің
көлемі өзгермейді, жұмсарады. Кейде лимфоидтық 
тіннің біраз жерін қан жасайтын экстрамедуллалық ошақтар жайлайды. 
Жұлын
да біраз өзгереді, әсіресе артқы және бүйірлік бағандарының миелині 
мен орталық цилиндрлері ыдырайды (
фуникулалық
миелоз
). Жұлынның кейбір 
жерлерінде ишемиялық ошақтар пайда болып, жұмсарады. Мидың қыртыстық 
қабаты да тап осылай зақымдалады. 
Аддисон-Бирмер ауруы асқынып, бәсеңдеп отыратын қайталамалы, әдетте 
өршімелі ағымды ауру. В
12
-витамин және фолий қышқылымен емдеудің 
нәтижесінде пернициоздық анемияның клиникалық және морфологиялық 
бейнесі соңғы жылдары күрт өзгерген. Қазір бұл аурудан өлім сирек. 
Асқазанда карцинома, лимфогранулематоз, мерез, полипоз, коррозиялы 
гастрит, тағы басқа да патологиялық үдерістер дамыса, гастромукопротеин 
тапшы болып, 
пернициоздық тәрізді В
12
-тапшы анемия
байқалады. Аталған 
үдерістерден 
асқазан 
қабынып, 
дистрофия 
мен 
атрофия 
өрбіп, 
гастромукопротеин бөлінбейді. Сол себепті В
12
-витамин жеткіліксіз болып, осы 
кеселдің экзогендік түрі орын алады. Асқазанды алып тастағаннан 
(резекциядан) кейінгі бірнеше жылдан соң дамыған пернициоздық тәрізді 
анемияның (
агастриялық В
12
-тапшы анемияның
) даму барысы да тап осындай. 


Нуржігіт Алтынбеков 
237
В
12
-(фолий) тапшы анемиялардың бірқатары В
12
-витамин және (немесе) 
фолий қышқылы ішекте дұрыс сіңірілмегендіктен дамиды. Бұл топқа жалпақ 
таспа құрт ауруынан дамитын глистілік анемия (
дифиллоботриоздық анемия
), 
спру ауруында байқалатын анемия (
спру анемия
) және аш ішекті алып 
тастағаннан кейінгі анемия (
анэнтералдық В
12
-(фолий) тапшы анемия

жатады. 
В
12
-(фолий) тапшы анемияға В
12
мен (немесе) фолий қышқылының 
алиментарлық экзогендік жеткіліксіздігі де себеп болады. Ондай анемия ешкі 
сүтімен асыраған балаларда (
алиментарлық анемия
) немесе кейбір дәрілермен 
емдегенде байқалады (
дәрі-дәрмектік анемия
). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   269   270   271   272   273   274   275   276   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет