Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет272/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   832
Патологиялық анатомиясы.
Мәйіттің терісі бозарып (тері, әдетте қызғылт 
сарылау), көздің ақ қабығы сарғыш тартады. Терінің шел майы әдеттегі көлемде 
болады. Мәйітте гипостаздар онша айқын болмайды. Қан тамырлары мен 
жүректе қан азайып, сұйылады. Теріде, кілегейлі және сірі қабықшаларда қанды 
дақтар байқалады. Ішкі мүшелердің, әсіресе талақ, бауыр, бүйрек кесіндісінің 
беті тот басқандай болады (гемосидероз). Басқа мүшелерге қарағанда асқорыту 
жолы мен сүйек кемігі және жұлын басымырақ зақымдалады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
236
Асқазан-ішек жолында
атрофия үдерісі өрбиді. 
Тілдің
үсті әдейі өңдегендей, 
жылтыр әрі тегіс, қызыл дақты болады. Микроскоппен зерттегенде оның 
эпителийі мен лимфалық фолликулдары семіп, эпителийдің астындағы тінге 
лимфоциттер мен плазмациттер шашырай шоғырланады (
Гунтер глосситі
). 
Асқазанның, әсіресе оның түбінің кілегейлі қабықшасы жұқарып (127-сурет), 
тегістеліп, бүрі қатпарсыз келеді. Бездері кішірейіп, бірінен бірі жырақтау 
жайғасып, эпителийі семіп, негізгі жасушалары ғана сақталады. Ақырында бұл 
үдерістер склерозға ұласады. 
Ішектің
кілегейлі қабықшасы да тап осындай 
өзгерістерге ұшырап, ол да семеді. 
127-сурет. Пернициоздық анемия:
а — асқзанның кілегейлі қабықшасының атрофиясы; б — сүйек кемігі 
(трепанбиопсия); жасушалардың арасында мегалобластылар көп.
 
Бауыр
ұлғайып, қатайып, кесіндісі тот басқандай қоңыр түсті болады 
(гемосидероз), оның ретикулалық жұлдызша тәрізді эндотелиоциттері мен 
гепатоциттеріне темір жиналады. Ал ұйқы безі шорланып, қатаяды. 
Жалпақ 
сүйектердегі кеміктің
реңі қызыл күрең болса, жіліктердегі кеміктің 
түсі таңқурай жентегіне ұқсайды. Сүйекте кемік көбейгенмен, ондағы 
эритропоэз өз деңгейіне жетіп аяқталмайды, сондықтан кеміктің құрамында 
эритробластылар, нормобластылар, әсіресе мегалобластылар (127-
сурет
) көп 
болады. Олар қан арнасына да шығады. Толық жетілмеген жасушаларды 
сүйектегі, 
талақтағы, 
лимфалық 
түйіндердегі 
макрофагтар 
сіңіріп 
(эритрофагия

, жалпы гемосидероз өрістейді. 
Талақ
шамалап ұлғайып, жұмсарады, қабығы әжімді болып, тіні қызғылт 
тартып, тот реңді болады. Талақты гистологиялық тәсілмен зерттегенде 
көбейгіш орталығы нашар қалыптасып, фолликулдарының семгені, қызыл 
пульпасында қан жасайтын экстрамедуллалық ошақтар мен сидерофагтар пайда 
болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   268   269   270   271   272   273   274   275   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет