Нуржігіт Алтынбеков
234
Олардың терісі мен ішкі мүшелері бозарып, өлім гипостаздары онша айқын
бола қоймайды.
Патологиялық анатомиясы.
Егер адам өлімші болып қансырамаса,
жоғалтқан қан сүйек кемігіндегі регенерациялық үдеріс арқылы толысады:
жалпақ сүйектер мен жіліктердің эпифизіндегі кемік шырыштаньш, қызарады,
онда қан жасушалары көбейеді. Жіліктердің майлы (сары) кемігі де қызарып,
эритропоэздік және миелоидтық жасушалардың саны онда да арта түседі.
Талақта, лимфалық түйіндерде, тимуста, қан тамырларының айналасында,
бүйрек қақпасындағы клетчаткада, кілегейлі және сірі қабықшаларда, теріде,
яғни сүйек кемігінен басқа да жерлерде қан жасайтын (экстрамедуллалық)
ошақтар пайда болады.
Созылмалы постгеморрагиялық анемия
баяу әрі ұзақ уақыт қан кеткен
жағдайда байқалады. Ондай жағдай, әдетте асқазандағы немесе ішектегі ісік
зақымдалғанда, асқазандағы ойық жара қанағанда, көтен ішектің веналарынан,
жатыр қуысынан немесе геморрагиялық синдром мен гемофилия ауруының
салдарынан қан кеткенде, басқа да бірқатар себептердің зардабы ретінде орын
алады.
Достарыңызбен бөлісу: