лейкемиялық құлдырау (
һіаtus lеucemісus ) деп аталатын нышан көрініс береді; яғни қан арнасында бластылық
жасушалар күрт көбейіп, қанның толық жетілген элементтері де пайда болады,
бірақ лейкопоэздің аралық буындары мүлде жойылып кетеді.
Жедел лейкоз кезінде бластылық жас элементтер сүйек майын ығыстырып,
талақта, бауырда, лимфалық түйіндерде, бүйректе, ми мен оның
қабықшаларында және басқа да мүшелерде шоғырланады, бұның айқындық
деңгейі лейкоздің түріне байланысты. Жедел лейкоздың нақты нысанын
айқындау
бластылық
жасушалардың
цитохимиялық
ерекшеліктеріне
негізделеді (11-кесте). Бұл лейкозды цитостатиктермен емдеген кезде сүйек
кемігінде аплазия дамып, панцитемия өрістейді.
11-кесте. Лейкоздың әртүрлі нысандарының цитохимиялық сипаттамасы Жедел лейкоздың нысандары Кенеулі заттарға жауабы Ферменттермен реакциясы гликоген (ШИҚ-
болымды)
гликоза- мингли- кандар липидтер (қара
Судан)
перокси даза қышқыл фосфатаза -нафтил- эстераза Хлор ацетат эстераза Толыспаған Болымсыз
Болымсыз Болымсыз Болымсыз
Болымсыз
Болымсыз Болымсыз
Миело
бластты
Болымды
Болымсыз Болымды
Болымды
Болымды
Нашар
болымды
Болымды
Промиело
цитті
Өте болымды Болымды
Болымды
Өте болымды Нашар
болымды
Нашар
болымды
Өте
болымды
Лимфо
бластты
Болымды
түйіршіктер
Болымсыз Болымсыз Болымсыз
Кейде
болымды
Болымсыз Болымсыз
Моно
бластты
Нашар
болымды
Болымсыз Нашар
болымды
Нашар
болымды
Жоғары
болымды
Болымды
Болымсыз
Миеломоно
бластты
Диффузды
болымды
Болымсыз Нашар
болымды
Жоғары
болымды
Болымды
Болымды
Нашар
болымды
Эритромиело
бластты
Болымды
Болымсыз Жауаптың
нәтижесі
бластылық
элементтің
қай
топқа
жататындығына (миелобласт, монобласт, толыспаған бласт)
байланысты
Плазма
бластты
Жасушаларға тән морфологиялық сипаты мен қан сарысуында парапротеиннің болу-болмауы
арқылы анықталады
Мегакарио
бластты
Жасушаларға тән морфологиялық сипаты арқылы анықталады
Балалардың жедел ағымды лейкозына бірқатар ерекшеліктер тән. Лейкоздың
бұл түрі балаларда жиірек кездеседі; лейкоздық инфильтраттар кеңірек өрістеп,
қан жасайтын және қан жасамайтын (жыныстық бездерден басқа) мүшелерді де
қамтиды. Балаларда, әсіресе олардың айыршық безінің төңірегінде, түйінтәрізді
(ісіктәрізді) лейкоздық инфильтраттар жиірек қалыптасады. Балаларда
лимфобластты (Т-тәуелді) жедел лейкоз да жиірек, ал миелобластты лейкоз бен
жедел лейкоздың басқа түрлері сиректеу кездеседі. Жедел ағымды лейкоздың
балаларға тән ерекше түрлері — тума лейкоз бен хлорлейкоз.