Нуржігіт Алтынбеков
245
айқын бейнелі геморрагиялық диатез байқалады. Науқастар қансырап немесе
некрозды-ойық жаралы үдерістердің зардаптарынан, кейде инфекция
қосарланып, сепсистен өледі.
131-сурет. Миелобластты жедел лейкоз.
Некрозды ангина.
Пәрменді терапия (цитостатикалық заттармен,
-сәулемен, антибиотиктермен,
антифибринолиздік препараттармен емдеу) миелобластты және толыспаған
жедел лейкоздардың бейнесін соңғы жылдары біраз өзгертті. Ауыз қуысы мен
жұтқыншақта көлемді некроз ошақтарының қалыптасуы тоқтап, геморрагиялық
диатез бәсеңдеді. Жедел лейкозбен сырқаттардың өмірі ұзарғанмен, оларда
«лейкоздық пульмонит», «лейкоздық менингит» сияқты сүйек кемігінен басқа
мүшелерде дамитын үдерістер жиіледі. Цитостатикалық терапияның
салдарынан асқазан мен ішекте ойық жаралы-некрозды ошақтар көбейді.
Достарыңызбен бөлісу: