Нуржігіт Алтынбеков 244
Толыспаған жедел лейкоз кезінде сүйек кемігіне, талаққа, лимфалық
түйіндер мен басқа да лимфалық құрылымдарға (бадамша бездер, лимфалық
топтар мен солитарлық фолликулдар), кілегейлі қабықшаларға, қан
тамырларының қабырғаларына, миокард пен бүйрекке, ми (130-сурет) мен оның
қабықшаларына және басқа да мүшелерге гемопоэздің толыспаған пішіні
біркелкі жасушалары шоғырланады. Бұл шоғырлардың гистологиялық бейнесі
бір-біріне өте ұқсас болады. Талақ пен бауыр шамалы ғана ұлғайып, жалпақ
сүйектер мен жіліктердің кемігі қызыл түсті, шырынды, кейде бозғылт тартады.
Ауыз қуысының кілегейлі қабықшасы мен бадамша бездің тінін де лейкоздық
жасушалар жайлап, некрозды гингивит, тонзиллит (
некрозды ангина ) дамиды.
Инфекция қосарланса, толыспаған жедел лейкоздың даму барысы
сепсиске ұқсайды.
130-сурет. Жедел лейкоз: а — сүйек кемігі толыспаған біртекті жасушалардан құрылған; б —мидың қан
құйылған маңдай бөлімі.
Мүшелер мен тіндерде жасушалар шоғырланып қана қоймай, лейкоздық
жасушалар қан тамырларының қабырғасын бүлдіріп, анемия дамып,
гемопоэздің толыспаған жасушалары сүйек кемігін жайлайды, тромб
түзілмейтіндіктен,
геморрагиялық синдром қосарланады. Теріде, ішкі
мүшелердің кілегейлі қабықшасында, әсіресе мида түрлі сипатты қ
анды ошақтар пайда болады. Науқастар көбіне миына қан құйылғандықтан (130-
сурет
), асқазаны мен ішектерінен қан кеткендіктен, ойық жаралы-некрозды
үдерістердің зардаптарынан немесе сепсистен өледі.
Толыспаған жедел лейкоздың көбінесе балаларда (әдетте, 2-3 жастан аспаған ер
балаларда) кездесетін түрі -
хлорлейкоз . Хлорлейкозбен сырқаттардың бет сүйектері мен
кейде басқа да сүйектерінде, ішкі мүшелерінде (бауыр, талақ, бүйрек) ісіктік түйіндер
қалыптасады. Түйіндердің түсі жасылдау, лейкоздың бұл түрінің атауы содан
туындаған.
Ісіктің
түсі,
оның
құрамындағы
гемоглобиндік
өнімдер
-
протопорфириндерге байланысты. Түйіндер миелоидтық өскіннен туындаған
жетілмеген атипиялы жасушалардан құрылады.