Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет297/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы мен патогенезі.
Лимфомалардың этиологиясы мен 
патогенезінде басқа лейкоздардан айырмашылық жоқ. Қазір цитостатиктермен 
емделетіндіктен, бірқатар лейкоздардың ақтық кезеңі осы лимфомалардың 
кейбір нысанымен (лимфосаркомамен) «аяқталатынын» ескерген жөн. Кейде, 
керісінше, лимфомалар лейкозға айналып кете алады. Бұл — қан жүйесінің 
ісіктерін «диффуздық» немесе «аймақтық (регионарлық)» деп жіктеу — 
нозологиялық тұрғыдан қажет болғанымен, онкогенез тұрғысынан өте шартты 
мәселе деген сөз. 
Патологиялық анатомиясы.
Әр лимфоманың өзіндік морфологиялық 
бейнесі бар. 
Лимфосаркома
— лимфоцит текті жасушалардан өрбитін қатерлі ісік. Бұл 
ісік көбіне кеуде қуысындағы, іш пердесінің сыртындағы, кейде шаптағы және 
қолтық астындағы лимфалық түйіндерде өседі. Ол асқазан мен ішектің 
лимфалық тінінен, талақта, басқа да мүшелерде дамуы мүмкін. Алғашқы кезде 
ісік шектеліп, локальді қалыптасады. Ол жердегі лимфалық түйіндер күрт 
ұлғайып, бірігіп, ірі түйіндер түзіп, төңірегіндегі тіндерді ығыстырады. Некроз 
бен қан ошақтары пайда болып, түйіндер қатайып, бозғылт тартады. Кейін 
үдеріс лимфа және қан арнасы арқылы организмге жайылып, басқа түйіндерге, 
өкпеге, теріге, сүйектерге және басқа да мүшелерге метастаз шашады. 
Лимфалық түйіндерде В- және Т-лимфоцит, пролимфоцит пен лимфобласт
иммунбласт текті ісіктік жасушалар көбейеді. 
Осы 
тұрғыдан, 
лимфомалар 
лимфоцитті, 
пролимфоцитті, 
пролимфобластты, иммунбластты, лимфа-плазмацитті
және 
африкалық 
лимфома (Беркитт ісігі)
деп алты 
гисто(цито)логиялық вариантқа
жіктеледі. Жетілген лимфоциттер мен пролимфоциттерден құрылған 
лимфомалар лимфоцитомалар деп, ал лимфобластылар мен иммунбластылардан 
түзілген ісіктер лимфосаркома деп аталады (Воробьев А.И.,1985). 
Лимфосаркомалардың ішінде ерекше көңіл аударарлығы — африкалық 
лимфома (Беркитт ісігі). 
Беркитт ісігі
— Экватордағы Африка елдерінің (Уганда, Гвинея-Бисау
Нигерия) тұрғындарында кездесетін эпидемиялы ауру. Ол басқа елдерде де 
бірен-саран ұшырасады. Әдетте, 4—8-дер шамасындағы балалар ауырады. Ісік 
көбінесе үстіңгі немесе астыңғы жақсүйектерінде (138-cурет) және аналық 
бездерде дамиды. Үдеріс кейде бүйректі, бүйрекүсті безін, лимфалық 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет