Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет300/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   832
Байланысты:
струков патан

139-сурет. Лимфогранулематоз:
а —лимфалық түйіндегі полиморф-жасушалы гранулемалық құрылымдар
б —қалыптасқан грануляциялық тіндегі атипиялы жасушалар мен некрозды ошақтар.
 
Лимфогранулематоздың даму барысында ісікке тән прогрессия байқалады. 
Оның ошақтары эволюциялық үдеріске ұшырап, жасушалық құрамы үнемі 
өзгеріп отырады. Биоптатты (көбіне лимфалық түйіндерді) зерттеп, 
лимфогранулематоздың 
гистологиялық 
бейнесін 
оның 
клиникалық 
ерекшеліктерімен салыстыруға болады. Лимфогранулематоздың қазіргі 
клиника-морфологиялық классификациясы осындай салыстырмалы деректерге 
негізделген. 
Клиника-морфологиялық классификациясы.
Бұл ауру 4 вариантқа (кезеңге) 
жіктеледі: 1) лимфалық тін басым (лимфа-гистиоцитті) вариант; 2) нодулалы 
(түйінді) склероз; 3) аралас жасушалы вариант; 4) лимфалық тін азайған 
(ығыстырылған) вариант. 
Лимфалық тін басым вариант
аурудың алғашқы кезеңіне және дербес 
ошақты нысанына тән. Бұл вариант аурудың I—II кезеңдеріне сәйкес келеді. 
Жетілген лимфоциттер көбейіп, бірен-саран гистиоциттер пайда болады, 
лимфалық түйіндердің кесіндісі қалыпты құрылымдық бейнесін жоғалтады. 
Үдеріс өршісе, лимфо-гистиоцитті вариант аралас жасушалы вариантқа 
ұласады. 
Нодулалы (түйінді) вариант
, әдетте кеуде қуысынан басталып, қатерсіздеу 
дамиды. Микроскоппен зерттегенде, түрлі жасушалар көбейіп, оларға Рид— 
Березовский—Штернберг жасушаларының араласқанын, бұл жасушалар 
шоғырланған жерлер лимфоциттермен, басқа да жасушалармен шектелгенін 
және көбейіп, өскен талшықты дәнекер тінмен қоршалғанын көреміз. 


Нуржігіт Алтынбеков 
256
Аралас жасушалы вариант
аурудың жалпы жайылғанын көрсетіп, ІІ—ІІІ 
кезеңдеріне сәйкес келеді. Микроскоппен зерттегенде жетілу дәрежесі әртүрлі 
лимфалық элементтер мен Ходжин жасушалары және Рид—Березовский—
Штернбергтің алып жасушаларының көбейгені, лимфоциттер, эозинофилдер, 
плазмациттер, нейтрофилді лейкоциттер шоғырланып, некрозды, фиброзды 
ошақтар пайда болғаны байқалады. 
Лимфалық тін ығысқан вариант
аурудың ауыр ағымдылығын және жалпы 
жайылғанын бейнелейді. Бірде лимфалық тінді біркелкі жайлап көбейген 
дәнекер тін мен оған шамалап араласқан атипиялы жасушалар ығыстырса, енді 
бірде, лимфалық тінді құрамында Ходжкин жасушалары мен Рид—
Березовский—Штернбергтің алып жасушалары басым атипиялы жасушалар 
шоғыры ығыстырады; склероз дамымайды. Егер лимфалық тінді өте атипиялы 
жасушалар жайлап кетсе, ондай вариант 
Ходжкин саркомасы
деп аталады. 
Сөйтіп, лимфогранулематоздың даму барысында оның морфологиялық 
бейнесі де біртіндеп өзгеріп, лимфалық тін басым вариант аралас жасушалыға, 
ал ол лимфалық тін ығысқан вариантқа ауысып, үш варианттың әрқайсысы бірі 
екіншісіне ұласып отырады. Сондықтан лимфогранулематоздың әр клиника-
морфологиялық вариантын оның даму кезеңдері деп те пайымдауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет