Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет298/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
254
түйіндерді қамтып, басқа мүшелерге де жиі жайылады. Ісік лимфоцит тәрізді 
жасушалардан түзіледі. Лимфоциттерге цитоплазмасы ашық түсті ірі 
макрофагтар араласып, ісіктің жалпы бейнесін ерекше өзгертеді, «жұлдызды 
аспан» (
starry
skу
) тәрізді (138-cуретті қара) етеді. Африкалық лимфомамен 
сырқаттардың лимфалық түйіндерінен герпес тәрізді инфекцияның вирусы 
анықталған, аурудың себебі сол вирус болуы мүмкін. Вирус тәрізді қосындылар 
лимфомадағы лимфобластылардың құрамында болады. 
138-сурет. Африкалық лимфома (Беркитт ісігі)
: а — жоғарғы жақсүйектегі ісік; б — ісіктің гистологиялық 
бейнесі — «жұлдызды аспан» (Г.В. Савельевтің препараты).
 
Саңырауқұлақ тәрізді микоз
– терінің Т-жасушалық қатерсіздеу ісігі; ол 
тері лимфоматоздары деп аталатын ісіктер тобына жатады. Оның түйіндерін 
көбейген митозды, ірі жасушалар құрайды. Ісік түйінінің құрамына 
плазмациттер, эозинофилдер, фибробластылар кіреді. Түсі бозарыңқы, беті 
жолақты, жұмсақ түйіндер теріден шодырайып шығып тұрады; кейде олардың 
пішіні саңырауқұлаққа ұқсайды. Түйіндер терімен қоса, кілегейлі 
қабықшаларда, бұлшықеттерде және ішкі мүшелерде қалыптасады. Бұрын бұл 
ісік инвазиялап өскен саңырауқұлақтың мицеллийлерінен дамиды деп 
есептелетін, оның атауы да осы жаңсақ пікірге негізделген. 
Сезари ауруы
— терінің Т-лимфоцитті лимфомасы; әдетте лейкемия 
қосарланады. Сүйек зақымдалып, қан арнасында ісіктік жасушалар пайда 
болатындықтан, кейде Сезари ауруы да созылмалы лимфолейкоздар тобына 
жатқызылады. 
Көбінесе беттің, арқаның, балтырдың терісіне лимфоциттер шоғырланып, 
кейін ол шоғырлар ісік түйіндеріне айналады. Терідегі жасушалардың 
арасында, сүйек кемігі мен қанда жалғыз ядролы (мононуклеалы) атипиялық 
жасушалар — 
Сезари жасушалары
пайда болады. Ісік жасушалары кейде 
лимфалық түйіндерде, талақта, бауыр мен бүйректе көбейгенмен, еш уақытта 
ірі көлемді шоғырлар түзбейді. 
Ретикулосаркома
— ретикулалық жасушалар мен гистиоциттерден өнетін 
қатерлі ісік. Бірақ оны түзетін ісіктік жасушалардың ретикула және гистиоцит 
тектілігінің морфологиялық критерийлері өте күмәнді. Ретикулосаркоманың 
лимфосаркомадан басты гистологиялық айырмашылығы — оның құрамындағы 
ісіктік 
жасушалар 
ретикулалық 
талшықтар 
түзіп, 
ол 
талшықтар 
ретикулосаркомалық жасушаларды қоршай орап алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет