өледі. Миокардит Миокардит — миокардтың, яғни жүрек бұлшықетінің қабынуы. Ол, әдетте
вирустық (полиомиелит, қызылша, мононуклеоз, вирустық респирациялы жедел
инфекциялар), риккетсиялық (бөртпе сүзек), бактериялық (дифтерия,
скарлатина, туберкулез, сифилис, сепсис) және протозойлық (трипаносомоз)
инфекциялардың немесе инфекциялық-аллергиялық аурулардың (ревматизм)
салдары ретінде дамиды (
салдарлық миокардит ). Миокардиттің біріншілік,
дербес түрі — идиопатиялық миокардит деп аталады.
ИДИОПАТИЯЛЫҚ МИОКАРДИТ Идиопатиялық миокардит (Абрамов—Фидлер миокардиті, қатерлі
идиопатиялық инфекциялық-аллергиялық миокардит) — тек қана миокард
қабынып (
дербес миокардит ), үдеріс тез өршіп, қазаға жиі ұшырататын ауру
(
қатерлі миокардит ). Оның ағымы жедел немесе қайталамалы созылмалы.
Этиологиясы мен патогенезі. Идиопатиялық миокардиттің аллергиялық
негізде дамитыны қазір көпке белгілі. Бұл танымды кезінде А.И. Абрикосов пен
Я.Л. Рапопорт дәйектеген-ді. Кейбір ғалымдар идиопатиялық миокардитті қан
іркілгендіктен дамитын, яғни іркілулік (конгестивтік) кардиомиопатияға ұқсас
деп табады («
Кардиомиопатияларды» қара)
, бірақ ол — бейспецификалық
инфекциялық-аллергиялық миокардиттің асқынып, меңдеген нысаны. Бұл
миокардиттің инфекциялық-аллергиялық механизмге негізделетініне оның
вирустық және бактериялық инфекциялардан, қан сарысуы мен вакцина
дарытқаннан, дәрілерді ретсіз ішкеннен соң дамитындығы да дәлел. Аурудың
өршімелілігі аутоиммундану үдерісімен де сабақтас сияқты.
Патологиялық анатомиясы. Идиопатиялық миокардит жүректің барлық
бөлімдерінің бұлшықетті қабатын түгел зақымдайды. Жүрек жұмсарып,
қуыстары кеңіп, оның көлемі ұлғаяды; әдетте, тромбылар қалыптасады.
Бұлшықеттің кесіндісі тарғыл болады, жүректің қақпақшалары зақымдалмайды.