Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет307/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   832
Байланысты:
струков патан

өледі

Жүрек кемістіктері 
Жүрек кемістігі 
(vіcіa cordis
)
— жүректің қалыпты құрылысы тұрақты 
өзгеріп, қызметі бұзылатын патология. 
Жүректің кемістіктері жүре болатын және туа болатын (тума) кемістіктер 
тобына жіктеледі. 
ЖҮРЕКТІҢ ЖҮРЕ БОЛАТЫН КЕМІСТІКТЕРІ 
Жүрек кемістігі жүре болғанда
жүректің қақпақшалары және магистрал 
тамырлары зақымдалады. Оның дамуына туғаннан кейінгі жүрек аурулары 
себеп болады: көбі 
ревматизмнен
дамыса, біразы — 
атеросклероздың, 
мерездің, бактериялық эндокардит
пен 
бруцеллездің 
зардабы, кейде ол — 
жүрек жарақатының
салдары. 


Нуржігіт Алтынбеков 
262
Жүре болатын жүрек кемістігі, әдетте созылмалы дамып, анда-санда ғана 
(мысалы, жүрек кақпақшаларын ойық жаралы эндокардит қатты зақымдағанда) 
жедел қалыптасады. 
Жүре болатын жүрек кемістігінің 
қалыптасу механизмі
эндокардитпен
тығыз байланысты. Эндокардиттің даму барысында тромбылар беріштенеді 
және 
қақпақшалар 
мен 
қарынша-жүрекшеаралық 
фиброзды 
сақина 
тыртықтанып, ізбестеніп, қалыпты сиқынан таяды (деформация). Оның үстіне, 
кемістік қалыптаса келе, 
гемодинамика бұзылып
, склероз өрши түседі. 
Патологиялық анатомиясы
. Жүрек кемістігінің бірнеше морфологиялық 
түрі бар. Склероздан деформацияланып, қақпақшаның жақтаулары дұрыс 
қабыспаса, қ
ақпақша жеткіліксіздігі
, ал жүрекше-қарыншааралық тесік немесе 
магистрал тамырдың сағасы тарылса, 
стеноз 
деп аталатын кемістік 
қалыптасады. Егер қақпақшаның жақтаулары жеткіліксіз болып, оған қоса тесігі 
де тарылса, ондай кемістік — 
жүректің құрамдас кемістігі
деп аталады. 
Жүректің бір ғана қақпақшасы зақымдалған кемістік — 
дербес кемістік
деп, ал 
бірнеше қақпашаны бірден қамтыған кемістік — 
қосарлы кемістік
деп аталады. 
Жүре болған жүрек кемістігінің ең жиі түрі — 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет