Нуржігіт Алтынбеков
260
эндокард беріштенеді (
тромбылы эндокардит
). Фибропластикалық үдеріс
үрпітәрізді бұлшықеттер мен желілік (хорда) жіпшелерді жайлап, қос немесе үш
жақтаулы қақпақшаның жеткіліксіздігі қалыптасады. Тері, миокард, бауыр,
бүйрек, өкпе, ми, қаңқа бұлшықеттеріндегі
тамырлардың іргесінде және
олардың төңірегіндегі тіндерде эозинофилді жасушалар шоғырлары пайда
болады. Сөйтіп,
эозинофилді васкулит
дамиды
немесе
эозинофилді
инфильтрат
қалыптасады. Париеталдық фибропластикалы эозинофилді
эндокардит
кезінде
қан арнасында тромбылар
түзіліп, тромбылы эмболиялық
синдром жиі дамиды,
сондықтан
инфарктілер
мен
қанды ошақтар
да жиі
байқалады. Талақ пен лимфалық түйіндер ұлғайып, олардың тінінде
эозинофилдер көбейеді.
Бұл ауру
асқынса
, тромбоз, тромбылы эмболия немесе өкпеде инфаркт
дамиды, миға қан құйылады. Науқас адам жедел немесе созылмалы ағымды
жүрек қызметі жеткіліксіздігінен, кейде тромбылы эмболияның зардаптарынан
Достарыңызбен бөлісу: