Нуржігіт Алтынбеков
265
Атеросклероз
Атеросклероз
(грекше:
аtһеrе
— қойыртпақ;
sklerosis
—
қатаю
,
шорлану
) —
майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті-
эластикалы қан тамырларының ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол
жерлерде талшықты дәнекер тін көбейіп, склероз дамитын ауру.
Еуропа мен Солтүстік Америкадағы экономикасы өркендеген елдерде
атеросклероз өте жиі кездеседі. Адам атеросклерозбен, әдетте өмірінің екінші
жартысында сырқаттанады. Дүние жүзі елдерінің көбінде байқалатын өлім-
жітім мен мүгедектіктің басты себептері — атеросклероз бен оның зардаптары.
Атеросклероз бен артериосклероз аталымдарының мәнін ажырата білген жөн.
Артериосклероз аталымы артерияларда әртүрлі басқа да себептер мен
механизмдер негізінде туындайтын склерозды атау үшін қолданылады. Ал
атеросклероз — артериосклероздың липидтер мен белоктар дұрыс
алмаспағанда дамитын, метаболизмдік нысаны. Бұл терминді алғаш рет 1904 ж.
Маршан ұсынған-ды, кейін оны Н.Н. Аничков эксперименттік деректермен
дәйектей түсті. Сондықтан атеросклероз Маршан-Аничков ауруы деп те
аталады.
Этиологиясы,
патогенезі
мен
морфологиялық
бейнесі
тұрғысынан
артериосклероздың
мынадай түрлері болады: 1) атеросклероз (метаболизмдік
артериосклероз); 2) артериолосклероз, яғни гиалиноз (мысалы, гипертония ауруында);
3) қабынулық артериосклероз (мысалы, мерезде, туберкулезде); 4) аллергиялық
артериосклероз (мысалы, түйіншекті периартериите); 5) уытты әсерлік (токсикалы)
артериосклероз (мысалы, адреналиндік); 6) артерияның ортаңғы қабатының біріншілік
кальцинозы (Менкеберг медиакальцинозы); 7) жасқа байланысты (қарттардағы)
артериосклероз.
Этиологиясы.
Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер: 1) зат алмасулық
(экзо- және эндогендік); 2) гормондық; 3) гемодинамикалық; 4) жүйкелік; 5) қан
тамырлық; 6) тұқымқуалайтын және этникалық факторлар.
Заталмасулық факторлардың
ішінде негізгі орынды май мен белок, әсіресе
холестерин мен липопротеидтер алмасуының бұзылуы алады.
Бұрын атеросклероздың этиологиясы ретінде басты рөлдің бірін
гиперхолестеринемия
атқарады
деп
есептелінетін-ді.
Бұл
тұжырым
экспериментте де дәлелденген. Жануарларды холестеринмен асырағанда
гиперхолестеринемия дамып, қолқа мен артериялардың қабырғасына
холестерин шөгіп, атеросклерозға тән өзгерістер өрбиді. Атеросклерозбен
сырқаттардың біразында гшерхолестеринемия мен семіздік байқалады. Бұл
деректер атеросклероздың дамуына
Достарыңызбен бөлісу: