Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Жүректің митралдық кемістігі



Pdf көрінісі
бет309/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   832
Байланысты:
струков патан

140-сурет. Жүректің митралдық кемістігі. 
Сол жақ веналық (митрал) тесік өте тарылған
 
(үстінен 
қарағандағы бейнесі).
 


Нуржігіт Алтынбеков 
263
Қолқалық қақпақшаның кемістігі 
митралдық кемістіктен сиректеу. Оның 
көбі ревматизмнен, ал біразы атеросклероз бен сепсистік эндокардиттен және 
бруцеллез бен мерезден дамиды. Қолқа кақпақшасының ревматизмнен 
шорлануының басты себептері де митралдық кемістікті туындататын үдерістер. 
Сондықтан бұл қақпақшаның жақтаулары да шорлана келе қалыңдап, 
ізбестенеді (141-сурет); бірде қақпақша жеткіліксіздігі дамып, енді бірде — 
қолқа сағасының тесігі тарылады (стеноз). Атеросклероз қақпақшада ізбестену 
мен шорлану және липоидоз бен липосклероз үдерістерін қатар өрістетіп, 
жақтаулардың синус жақ бетін басымырақ бүлдіреді. Ал сепсистік эндокардит 
пен бруцеллезден жақтаулар тіпті көп ізбестеніп, қатты зақымдалады 
(жолақтар, тесіктер, аневризмалар қалыптасады), сөйтіп қалыпты сиқынан 
таяды. Мерез көбіне қолқа қақпақшасын зақымдайды және мезаортрит 
дамытады, сондықтан қолқаның саңылауы кеңіп, әдетте жақтаулардың 
жеткіліксіздігі байқалады. 
141-сурет. Жүректің қолқалық кемістігі. 
Жақтаушалар склероз дамып, қалыңдап біріккен; сол жақ 
қарыншаның қабырғасы гипертрофиялы. 
Қолқа қақпақшасының кемістігі кезінде жүрекке едәуір қосымша күш түсіп, 
оның, әсіресе сол жақ қарыншасы қалыңдайды (141-суретті қара). Егер қолқа 
қақпақшасының жақтаулары жеткіліксіз болса, жүректің массасы 700—900 г 
дейін өседі; ондай үлкен жүрек 
«бұқа жүрегі»
(
соr bovinum
)
деп аталып кеткен. 
Әдетте, сол жақ қарыншаның эндокарды да шорланып, қалыңдайды. 
Гемодинамика өзгереді, сондықтан кейде қақпақша тесігінің астында айшық 
жақтауларға 
ұқсайтын 
құрылымдар 
қалыптасады. 
Олар 
«қосымша 
қақпақшалар» деп аталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   305   306   307   308   309   310   311   312   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет