Нуржігіт Алтынбеков
268
Патологиялық анатомиясы мен морфогенезі.
Артериялардың интимасында
сұйық ботқа тәрізді майлы-белокты детрит (
аtһеrе
) пен дәнекер тінді ошақтар
(
sklerosis
) пайда болып, атеросклероз түйіндерін қалыптастырып, қан
тамырларының саңылауын тарылтады. Бұл үдерістер «атеросклероз» деген
атаудың мәнін толық бейнелейді. Әдетте, үдеріс жоғарыда айтылғандай,
эластикалы және бұлшықетті-эластикалы, яғни ірі және орта көлемді
артерияларды зақымдап, бұлшықетті артерияларды сиректеу қамтиды.
Атеросклероздық үдеріс өзінің даму барысында әрқайсысының өзіндік
макробейнелік және микробейнелік сипаты бар белгілі бір сатылардан өтеді
(атеросклероздың морфогенезі).
Атеросклероздың
макробейнесінің
қалыптасу
барысы
(
түрлі
түсті
қосымшадағы
142,143-суреттерді қара): 1) майлы дақтар мен жолақтар; 2)
фиброзды түйіншектер; 3) ойық жаралар, қанды ошақтар мен тромбылы
қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түйіншектер және 4) кальциноз
бен атерокальциноз үдерістеріне негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: