Нуржігіт Алтынбеков
272
эластикалық және коллагендік талшықтардың қалдық қиқымдарынан, нейтрал
майлардың тамшыларынан (атеромалы детрит) ұсақ түйіршікті аморфты
қойыртпақ түзіледі. Түйіншектің табаны мен жиегінде
vasa vasorum-
ды жайлай
өскен жаңа қан тамырлары, ксантомдық жасушалар, лимфоциттер,
плазмациттер пайда болады. Атеромалық қойыртпақты жетілген, кейде тіпті
гиалинденген дәнекер тін (түйіншектің үстіңгі қабығы) қан тамырларының
саңылауынан шектеп, бөліп тұрады. Қан тамырларының ортаңғы қабатындағы
бұлшықет талшықтары да атеромалы ыдырауға ұшырайды, сондықтан түйіншек
терең жайылып, тіпті кейде адвентицияны да қамтиды.
Асқынуды бейнелейтін
үдерістер
осы
атероматоз сатысында
басталады
. Атероматоз өрши келе,
жаңадан қалыптасқан тамырлардың қабырғалары ыдырап, түйіншектің ішіне
қан құйылады (интрамуралдық гематома) және оның үстіндегі қабыршық
жыртылады.
Сөйтіп, бұл өзгерістер
ойық жаралы сатыны
бейнелейтін атеромалы ойық
жараларға ұласады. Ойық жараның жиегі ойыс әрі бұдырлы, түбін тамырдың
бұлшықетті немесе сыртқы қабаты шектейді. Интимадағы ақауларды көбіне
тромбылар жабады. Тромбылар қан тамырларының қабырғасында жайғасып
немесе саңылауын бітеп тұруы да мүмкін.
148-сурет. Атероматоз.
Атероматоздық түйіншектегі детрит пен холестерин кристалдары.
Атерокальциноз
— атеросклероз ауруы морфогенезінің ең ақырғы сатысы.
Бірақ та ізбестену атероматоз кезінде, тіпті липосклероз сатысында басталады.
Ізбес атеромалық қойыртпақтарға, фиброзды тінге, эластикалық талшықтар
арасына шөгеді. Ізбес тым көп шөккен жағдайда түйіншектің үсті
қабыршықтанып, сынғыш, қатты табақшаларға айналады. Түйіншектер
ізбестену үшін эластолиз қолайлы. Өйткені эластикалық мембраналар
ыдырағанда аспараген және глутамин қышқылдары көбейеді; олардан босаған
карбоксилді топтар кальций иондарымен қосылып, кальций фосфатты тұнба
түзеді.
Атеросклероз ауруын
Достарыңызбен бөлісу: