Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет340/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   832
Байланысты:
струков патан

Классификациясы.
Мидың тамырлық ауруларының негізі — мидағы 
қанайналымының жедел бұзылуы. Ол мидың транзиторлық (өтпелі) 
ишемиясына және инсультке бөлінеді. 
Инсульт
(латынша: 
іnsultare
— секіру) 
деп — мидың бір жерінде қанайналымы жедел (күрт) бұзылып, сол жердің тіні 
мен қызметінің де зақымдалуы аталады. Оның мынадай түрлері бар: 1) 
геморрагиялы инсульт: мида гематома қалыптасады немесе мидың тініне қан 
сіңеді. Оның бір түрі — субарахноидылық қан құйылу; 2) ишемиялық инсульт. 
Оның морфологиялық негізі — ишемиялық, геморрагиялы және аралас 
инфаркт. 
Патологиялық анатомиясы
.
Мидың 
транзиторлық (өтпелі) ишемиясы
кезінде артериолалар жиырылып тарылады, олардың іргесіне плазма сіңіп, 
төңірегіне сұйықтық жиналып, қанды ошақтар пайда болады. Ми тінінің әр 


Нуржігіт Алтынбеков 
287
жеріндегі жасушалар тобы су сіңіп ісініп, дистрофияға ұшырайды. Бұл 
өзгерістер қайтымды. Қан құйылған жерлердегі кейбір тамырлардың төңірегіне 
гемосидерин шоғырланады. Геморрагиялы инсультке шалдыққандардың 85%-
ының 
миында гематома
қалыптасады. Ондай жағдайда артериолалар ауыр 
зақымдалады; микроаневризмалар пайда болып, қабырғалары жыртылады. 
Мидың тіні ыдырап, киста түзіледі. Ол кистаның ішінде ұйыған қан мен мидың 
жидіген тіні болады (
мидың қызыл түсті жидуі

. Қан көбіне ми қыртысы 
астындағы түйіндерге (мидың көру аймағына, ішкі қабығына) және мишыққа 
құйылады. Оның көлемі әртүрлі: ми қыртысының астындағы түйіндерді 
қамтып, кейде мидың бүйірлік және ІІІ, IV қарыншаларына, тіпті ми бағанына 
дейін жайылады(164-сурет). Ондай инсульт, әдетте науқасты опат қылады. Егер 
науқас тірі қалса, қан құйылған жерлердің айналасындағы ми тініне 
сидерофагтар, түйіршікті шарлар, глиялық жасушалар шоғырланып, ұйыған 
қанды таратады. Ақырында гематоманың орнында ішіне қоңырлау зат 
жиналған, іргесі тот басқандай, қоңыр түсті 
жылауық
(
киста
) қалады. 
Гипертония ауруының милық түрімен ұзақ уақыт сырқаттанып, инсульттен 
өлгендердің миында жаңадан құйылған қан ошақтарымен қатар, бұрынғы қанды 
ошақтардан қалған кисталар да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   336   337   338   339   340   341   342   343   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет