Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет337/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   832
Байланысты:
струков патан

160-сурет. Миокард инфарктісі. 
Некроз ошағы (жоғарғы 
жағы). 
Зақымдалмаған 
миокардты
демаркациялық қабыну аймағы шектеген (төменгі 
жағы). 
Тыртықтану
(беріштену 
— 
организация) 
кезеңі
лейкоциттерді 
макрофагтар мен фибробласт тектес жас 
жасушалар ығыстырған кезден басталады 
деуге әбден болады. Өйткені, макрофагтар 
цитоплазмасына липидтерді жинап, өлі 
тіндердің қалдығын сіңіріп, өлескені 
жояды. Ферменттерінің белсенділігі өте 
жоғары болғандықтан, фибробластылар 
дәнекер 
тін 
талшықтарын 
түзеді 
(фибриллагенез). 
Беріштену 
үдерісі 
инфарктіні шектейтін аймақтан да, некроз 
ошағындағы зақымдалмаған тіндердің «ұяларынан» да өрістеп, 7—8 аптаға 
созылады. Дегенмен, беріштену мерзімі инфарктінің көлемі мен организмнің 
реактивтілігіне байланысты. Өскелең дәнекер тін алғашқыда гарнуляциялық тін 


Нуржігіт Алтынбеков 
285
тектес жұмсақ. Жетіле келе, ол жуан талшықты, тығыз тыртыққа айналады; 
зақымдалмаған тамырлардың төңірегінде ұлғайып, жуандаған бұлшықет 
«ұялары» байқалады. Фибринді перикардиттің салдарынан үлпершек қуысында 
бірікпелер түзіледі. Ол бірікпелерде қалыптасқан жас қан тамырлары жүректен 
тысқары жайғасқан тамырлармен ұштасып, қан ағысына коллатераль ашады да, 
миокардтың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады. Ақырында инфаркт ошағы 
беріштеніп, оның орнын тығыз тыртық басып, 
постинфарктілік іріошақты 
кардиосклероз
дамиды. Зақымдалмаған, әсіресе тыртықтың төңірегіндегі 
миокардта регенерациялық гипертрофия өрістейді. 
Инфаркт мынадай үдерістермен 
асқынады
: кардиогендік шок, жүрек 
қарыншаларының фибрилляциясы, асистолия, жүрек қызметінің жедел 
жеткіліксіздігі, миомаляция, жедел аневризма, жүректің жарылуы (жыртылуы), 
қабырғалық тромбоз және перикардит. 
Миомаляция
— миокардтағы өлі жерлердің жидіп, ыдырауы. Ол аутолиз 
басым болғанда байқалады. Жүректің миомаляцияға ұшыраған жері 
жарылады; 
161-сурет), үлпершек қуысына қан құйылады (гемоперикард; үлпершек 
қуысының қанмен тығындалуы – тампонада; 162-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   333   334   335   336   337   338   339   340   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет