Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет339/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
286
Жүректің созылмалы аневризмасы 
(163-сурет), 
әдетте трансмурал 
инфарктінің өте ауқымды түрінен туындайды. Бұл аневризманың қабырғасынан 
ауқымды инфарктінің орнын басып, жүректің қабырғасына айналған 
тыртықтық дәнекер тін қалыптастырады. Бұл тін жұқарып, қанның қысымынан 
біртіндеп сыртқа қарай бұлтиып, аневризмалық қалташаға айналады, кейін 
оның қабырғасында қатпарлы тромбылар түзіледі. Созылмалы аневризма 
жүрек қызметінің созылмалы жетіліксіздігімен
(қарыншада үнемі қан 
«қалдығы» болады), 
тромбылы эмболия синдромымен
асқынады және 
аневризма жыртылып
, үлпершек қанмен тығындалуы да (тампонада) мүмкін. 
Жүректің созылмалы ишемиялық ауруымен сырқаттардың өліміне осы аталған 
үдерістер себеп болады. Дегенмен, бұл аурумен сырқаттарға үнемі инфаркт пен 
оның асқыну зардаптарының қайталану (қ
айталанған инфаркт
) қаупі төніп 
тұратынын естен шығармаған абзал.
163-сурет. Жүректің созылмалы аневризмасы. 
Ми тамырларының аурулары 
Ми тамырларының (цереброваскулалық)
аурулары атеросклероз бен 
гипертония ауруының салдары ретінде дамып, мида қанайналымы жедел 
бұзылады. Олар атеросклероз бен гипертония ауруынан, кейде симптомдық 
гипертензиядан өрістеп, мидағы үдерістердің негізі болып табылады. 
Жүректің ишемиялық аурулары сияқты, мидың тамырлық ауруларының да 
әлеуметтік мәні зор, сондықтан бұл аурулар да дербес топ деп танылған. 
Экономикасы өркендеген елдерде бұл аурулармен сырқаттанудың және өлім-
жітімнің көрсеткіші жүректің ишемиялық ауруын «қуып жетті». 
Этиологиясы мен патогенезі.
Жүректің ишемиялық ауруының этиологиясы 
мен патогенезі жайлы жоғарыда не айтылса, соның бәрі мидың тамырлық 
ауруларына да қатысты. Мидағы қанайналымының жедел бұзылуына тікелей 
әсер ететін себептердің ішінде басты орынды 
ми, мойын 
мен
омыртқа 
артерияларының
жиырылып тарылуы
(спазмы) және осы тамырлардағы 
тромбоз
бен 
тромбылы
эмболия
алады. Ангионеврозға ұшырататындықтан, 
психикалық-эмоциялық қажуға
да зор мән беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет