159-сурет. Жүректің ишемиялық ауруы. Тәждік артерияның стенозды атеросклерозы (нұсқалған).
Миокард инфарктісі бұлшықетті қабаттың әр жерінде дамуы мүмкін:
эндокардтың астындағы инфаркт —
субэндокардтық инфаркт деп, эпикард
астындағы —
субэпикардтық инфаркт , бұлшықетті қабаттағы —
интрамурал инфаркт деп, ал жүректің үш қабатына түгел жайылған инфаркт —
трансмурал инфаркт деп аталады. Некрозды ошақ сыртқы қабатты жайласа (инфаркт
субэндокардтық және трансмурал болып), оған жауап ретінде эндокард
қабынып, эндотелийдің үстінде тромбылар түзіледі. Субэпикардтық немесе
трансмурал инфаркт дамыса, жүректің сыртқы қабаты қабынып,
фибринді перикардит өрістейді.
Некроздың
көлеміне қарай, миокард инфарктісі
ұсақошақты, іріошақты және
трансмурал түрлерге бөлінеді.
Миокард инфарктісінің
ағымы некрозды кезеңнен және тыртықтану деп
аталатын кезеңдерден тұрады.
Некрозды кезеңдегі инфаркт аймағын гистологиялық тәсілмен зерттегенде
негізінен өлі тін көрініп, зақымдалмаған миокардтың ұсақ «үялары» қан
тамырларының төңірегінен ғана ұшырасады. Некрозды аймақ толыққанды қан
тамырларымен және лейкоцит шоғырларымен шектеледі (
демаркациялық қабыну; 160-сурет)). Жүректің басқа жерлерінде де қанайналымы мен
заталмасулық үдерістер бұзылады. Тамырларға қан әртүрлі мөлшерде толып,
қанды ошақтар пайда болады. Кардиомиоциттер гликогенінен айрылады, бірақ
онда липидтер көбейеді. Бұлшықет жасушаларының митохондриялары мен
саркоплазмалық торы ыдырап, кейбіреуі жойылады. Қанайналымы жүректе
ғана бұзылып қоймайды, басқа мүшелердің де (мысалы, мидың) тамырлары
қанға біркелкі толмай, капиллярларында стаз дамиды, диапедездік қанды
ошақтар қалыптасады.