Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет382/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   832
Байланысты:
струков патан

өледі

БРОНХПНЕВМОНИЯ 
Бронхпневмония
деп — бронхиттен немесе бронхиолиттен басталып, өкпеге 
жайылған қабыну үдерісі аталады (бронхальвеолит). Бронхпневмонияның 
морфологиялық негізі — ошақты қабыну. Бұл пневмонияның біріншілік 
(мысалы, вирустық респирациялық инфекцияларға тән) және салдарлық (басқа 
аурудың зардабы ретінде дамитын) түрлері бар (XX тәсімді қара). 
Этиологиясы
. Бұл аурудың этиологиясы алуан түрлі. Оны пневмококк, 
стафилококк, стрептококтар, энтеробактериялар, вирустар, микоплазма мен 
саңырауқұлақтар сияқты 
микробтық агенттер
дамытады. Пневмонияның 
клиникалық және морфологиялық ерекшеліктері қоздырушының сипатына 
байланысты. Бронхпневмония 
химиялық
және 
физикалық
әсерден де дамиды, 
сондықтан оны 
уремиялық, шаң-тозаңдық, радиациялық пневмония
деп 
жіктеуге де болады. 
Патогенезі.
Бронхпневмония жедел бронхиттен немесе бронхиолиттен өрбіп, 
қабыну үдерісі өкпе тініне 
интрабронхылық
(катарлы бронхит немесе 
бронхиолит кезінде төмен қарай) немесе кейде 
перибронхылық
(деструкциялы 


Нуржігіт Алтынбеков 
316
бронхит немесе бронхиолит кезінде) жолмен жайылады. Инфекция бүкіл 
организмді жайласа, бронхпневмония, әдетте 
гематогендік
жолмен
дамиды 
(
сепсистік пневмония

. Ошақты пневмонияның дамуына 
аутоинфекция
мен 
аспирацияның (
аспирациялық пневмония
), өкпеге қан мен лимфа іркілуінің 
(
гипостаздық пневмония
) және аспирация мен жүйкелік-рефлекторлық 
үдерістердің (
операциядан кейінгі пневмония

де зор маңызы бар. 
Бронхпневмонияның ерекше бір тобын иммунитет тапшылығына негізделген 
иммундефициттік пневмониялар
құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет