Нуржігіт Алтынбеков
314
аталады. Өкпенің зақымдалған бөлігіндегі лимфаны әкететін түйіндерді де қан
кернеп, олар да ұлғаяды.
Боз бауырлану кезеңі
4—6-шы тәулікті қамтиды. Альвеолаларға фибрин мен
нейтрофилдер жиналады. Нейтрофилдер
мен макрофагтар ыдыраған
пневмококтарды сіңіреді. Кей жерлерден фибрин талшықтарының бір
альвеоладан екіншісіне альвеолааралық шұрықтар арқылы өтетінін аңғаруға
болады.
Эритроцитердің гемолизі кеміп, толыққандылық бәсеңдейді.
Электрондық
микроскоппен
фибринге
жанасқан
нейтрофилдердің
лизосомалары
жанданып,
фибринді
ерітетіні
және
лейкоциттердегі
лизосомалардың азайғаны байқалады. Сөйтіп, бұл кезеңде нейтрофилдердің
фибринді ерітетін әсері басталады да, кейін бұл үдеріс үдей түседі (183-
сурет
).
Боз бауырлану кезеңінде өкпенің зақымдалған бөлігі ұлғайып, қатаяды, оның
салмағы өсіп, сірі қабығында фибрин
қабыршықтары пайда болады
(
плеврапневмония
). Өкпенің боз түсті, ұсақ түйіршікті кесінідісінің бетінен
лайсаңдау сұйықтық сорғалайды (183-сурет). Аралық тіндегі лимфалық
тамырларға
ыдыраған лейкоциттер жиналып, фибрин жіпшелері араласады.
Өкпенің түбіріндегі лимфалық түйіндерден жедел қабынудың гистологиялық
бейнесі байқалады; олар ұлғайып, реңі қызғылт түсті болады.
183-сурет. Крупті пневмония:
а — боз бауырлану кезеңіндегі лизосомалар белсенділігі. Цитоплазмасы
«еріген» фибринмен (ЕФ) жанасқан нейтрофилдің (Н) лизосомасы (Лз) жойылған.
Олар фибринді ерітуге
жұмсалған. Я —лейкоциттің ядросы. 17 000 (Кишуден); б — өкпенің боз бауырланған жоғарғы бөлімі.
Айығу кезеңіне
тән өзгерістер аурудың 9—11 тәуліктерінде өрістейді.
Нейтрофилдер мен макрофагтардағы протеолиздік ферменттер фибринді
экссудатты
ыдыратып, таратады. Экссудат лимфалық кәріздер арқылы және
қақырықпен шығарылып, өкпе біртіндеп
фибрин мен пневмококтардан
тазарады.
Сірі қабықтағы фибринді қабыршықтар да ыдырап, тарайды. Дененің қызуы
басылып, қалтыраудың клиникалық белгісі жойылғаннан кейін де, айығу кезеңі
бірнеше күнге созылады.
Крупті пневмонияның бұл сипатталған классикалық тәсімі бүгінгі таңда біраз
өзгерді (Цинзерлинг В.Д., 1939; Лешке, І931). Сондықтан кейде боз бауырлану
қызыл бауырланудан бұрын басталады. Кейде
өкпенің бөлігінің ортаңғы
аймағы ғана қабынады, аурудың бұл нысаны
орталық пневмония
деп аталады.
Енді бірде, үдеріс көшпелі (миграциялы) болып, қабыну ошағы біресе бір
бөлікте, бірісе екінші бөлікте қалыптасады
(миграциялы пневмония
.
Крупті пневмонияда орын алатын жалпы өзгерістерге басқа мүшелерде
дамитын дистрофиялық үдерістер
мен толыққандылық, талақ пен сүйек
кемігінің гиперплазиясы, мидың толыққандылығы мен су сіңіп ісінуі жатады.
Мойындағы симпатикалық ганглийлердің тамырларын қан кернеп,
олардың
айналасына лейкоциттер шоғырланады; ганглийлік жасушаларды дистрофия
шарпиды (Абрикосов А.И.,1922).
Крупті пневмонияның
Достарыңызбен бөлісу: