Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет385/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   832
асқынулық зардабы
оны дамытқан себептің 
ерекшелігіне, науқастың жас шамасы мен хал-жағдайына байланысты. 
Пневмониялық ошақтар кейде 
карнификация
дамып немесе 
іріңдеп
, абсцеске 
айналады, плевраға жуық жайғасса,
плевритке
ұласады. 
Науқас адам өкпесі іріңдеп немесе іріңді плеврит дамып ө
леді

Бронхпневмония әсіресе жас бөбектер мен қарттар үшін өте қауіпті. 
АРАЛЫҚ ПНЕВМОНИЯ 
Аралыө (интерстицийлік) пневмония
— өкпенің аралық тінінің 
(стромасының) қабынуы. Ол бірқатар аурулардың (мысалы, вирустық 


Нуржігіт Алтынбеков 
318
респирациялы инфекциялар) негізгі морфологиялық бейнесі ретінде немесе 
өкпедегі басқа да қабыну үдерістерінің зардабы ретінде дамиды, 
Этиологиясы

Аралық 
пневмонияны 
іріңдеткіш 
бактериялар, 
саңырауқұлақтар, вирустар қоздыра алады. 
Патологиялық анатомиясы.
Қабыну үдерісінің дамыған жеріне қарай, 
аралық пневмония перибронхылық, бөлікшеаралық және альвеолааралық деп 
үш түрге бөлінеді. Олардың ағымы жедел де, созылмалы да болады. Аралық 
пневмонияның әр нысанының өзіне тән морфологиялық бейнесі бар. 
Перибронхылық
пневмония
, әдетте қызылша немесе грипп асқынғанда дамиды. 
Қабыну үдерісі бронхылардың қабырғасында (панбронхит) басталып, 
лимфалық тамырлар арқылы олардың төңірегіндегі альвелааралық тінге 
жайылады. Альвеолааралық перделер қабынып, қалыңдайды. Ондағы экссудат 
альвеолалық макрофагтардан түзіліп, құрамында нейтрофилдер өте аз болады. 
Бөлікшеаралық
 
пневмонияны
көбіне стрептокок немесе стафилококк 
дамытады. Алдымен өкпе тіні немесе висцералдық плевра (іріңді плеврит), 
немесе кеуде қуысының плеврасы (іріңді медиастенит) қабынып, үдеріс 
бөлікшеаралық пердеге жайылады. Кейде флегмона дамып, бөлікшеаралық 
пердені жидітіп, өкпенің бөлікшелерін ажыратып жібереді. Бұл 
ажыратпалы
немесе 
секвестрлі
аралық пневмония
деп аталады. Бөлікшеаралық пневмония 
іріңді плевриттен немесе іріңді медиастениттен өрбісе, 
плеврагендік
пневмония
деп аталады. Ол ұзақ мерзімді. Үдеріс алдымен альвеолааралық пердеге, 
бронхылар мен қан тамырларының айналасындағы дәнекер тінге жайылып, 
кейін бөлікшеаралық плевраны қамтып, көкірек қуысының клетчаткасына 
ауысады. Сөйтіп, интерлобит пен медастенит дамиды, оның салдарынан фиброз 
өрістеп, зақымдалған тінді одан әрі қалыңдата түседі. Аралық пневмония 
созылмалы болса, зақымдалған бөлікшеаралық пердеде жуанталшықты дәнекер 
тін өніп, бөлікшелердің айналасы фиброзға ұшырайды да, бөлікшелер 
қысылып, ателектаз, кейін пневмофиброз, бронхэктаздар мен пневмоцирроз 
байқалады. 
Аралық пневмонияның біразы өкпедегі жедел және созылмалы абсцестер 
төңірегінде пайда болады. Ондай жағдайда үдеріс абсцесті жерден инфекция 
араласқан лимфаны әкететін тамырларды қуалап жайылады. Лимфалық 
тамырлар қабынып, лимфостаз дамиды; бөлікшелердің арасында фиброз 
өрістейді. 
Альвеолааралық
 (
интерстицийлік

 пневмония
даму себебі мен патогенезі және 
морфологиялық бейнесі тұрғысынан аралық пневмониялардың ішінде ерекше 
орын алады. Ол әртүрлі жедел ағымды пневмонияға қосарланып, жедел ағымды 
да, өтпелі сипатта да дами береді. Дегенмен, альвеолааралық (интерстицийлік) 
пневмония созылмалы дамып, ө
кпенің интерстицийлік аурулары
деп аталатын 
аурулардың морфологиялық негізі де бола алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   381   382   383   384   385   386   387   388   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет