Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет394/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   832
Байланысты:
струков патан

жасушалық антиденелермен
, яғни 
реагиндермен 
(ІgЕ)
 
байланысты. Бронхылық астманың ұстамасы лаброцит, 
базофил, ж.б. да жасушаларға бекіген антиденелер аллергенмен (антигенмен) 
қосылғанда басталады. Сол сәтте түзілген антиген-антиденелік кешеннің 
әсерінен лаброциттер грануласынан биологиялық активті заттар (гистамин, 
серотонин, кининдер, анафилаксияның баяу әрекетті субстанциясы, т.б.) 
бөлініп, бронхылардағы қан тамырларының экссудатты жауабын өрбітеді. 
Бронхылардың бұлшықетті қабаты жиырылып, кілегейлі қабықшасы шырышты 
тым көп түзеді, сөйтіп олардың саңылауы арқылы ауаның өтуі қиындайды. 
Патологиялық анатомиясы
. Бронхылық астманың ұстамасы кезінде 
бронхылар мен өкпеде жедел ағымды үдерістермен қатар, аурудың
қайталамалы ұстамасы мен ұзақ мерзімділігінің салдары ретінде қалыптасқан, 
созылмалы ағымды үдерістер де көрініс береді. 
Бронхылық астманың 
жедел кезеңінде (ұстама кезінде)
бронхылардың 
іргесіндегі микроциркуляциялық арнаны қан кернеп, өткізгіштігі артады. 
Кілегейлі қабықша мен оның астындағы қабат су сіңіп ісініп, эозинофилдер, 
базофилдер, лимфоциттер, плазмациттер мен лаброциттер шоғырланады. 
Бронхылардың базал мембранасы ісініп, қалыңдайды. Бокалша жасушалар мен 
бездер шырышты тым көп түзеді. Түрлі көлемді бронхыларға эозинофилдер мен 


Нуржігіт Алтынбеков 
325
сыдырылған эпителий араласқан қатпарлы шырыш жиналады. Субсегменттік 
және одан да ұсақ бронхылардың саңылауы бітеледі. Иммундық гистохимия 
тәсілімен бронхылардың кілегейлі қабықшасында шоғырланған жасушалардың 
бетінен және кілегейлі қабықшаның базал мембранасынан шашыраған ІgЕ-лік 
сәулені көруге болады. Аллергиялық әсерден тынысалу жолдары қабынып, 
тарылады, олардың саңылауы бітеледі. Бронхылардың кәріздік әрекеті 
бұзылып, ауа өтпей қалады. Өкпенің тінінде жедел обструкциялық эмфизема 
дамып, ателектаздық ошақтар қалыптасып, тынысалу қиындайды. Науқас адам 
кейде бронхылық астманың ұстамасынан өледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет