Нуржігіт Алтынбеков
323
центрацинустық
деп аталады (188-сурет). Үдеріс ірірек бронхыларда
басымырақ болса, ацинус түгел кеңиді, бұл —
панацинустық
эмфизема
.
188-сурет. Өкпенің обструкциялық диффузды созылмалы эмфиземасы:
а —респирациялық бронхиола
өте кеңіген центрацинустық эмфизема (И.К. Есипованың препараты); б — интракапиллярлық склероз.
Капиллярдың саңылауын (КапС) коллагендік талшықтар (КлТ) жайлаған. Эн —
эндотелий; Эп —
альвеолалық эпителий; аэроқандық бөгеннің базал мембранасы (БМ ); АС —альвеоланың саңылауы. 15 000.
Ацинус керілгендіктен эластикалық талшықтар жіңішкеріп, альвеолалық
жолдар кеңіп, олардың іргесі өзгереді.
Альвеолалардың іргесі жұқарып,
тегістеледі, альвеолааралық шұрықтар кеңіп, капиллярлардың саңылауы бос
қалады. Ауа жеткізетін
тыныстық бронхиолалар да кеңіп, альвеолалардың
қалташалары тайыздайды, газалмасатын аймақтың көлемі күрт кеміп,
өкпенің
вентиляциялық (ауа алмастыру) қызметі бұзылады. Ацинустардың тыныстық
бөлігіндегі капиллярлар желісі тұрпайыланып,
альвеола-капилляраралық бөген
(блок) қалыптасады. Альвеолааралық капиллярларда
коллагендік талшықтар
көбейіп,
интракапиллярлық склероз
(188-сурет қара)дамиды. Бейімделу үдерісін
бейнелейтін жаңа капиллярлар желісі пайда болады. Сонымен өкпенің
обструкциялық созылмалы эмфиземасынан қанайналымының кіші шеңберінде
гипертония қалыптасып, ол жүректің оң жақ бөлігін ұлғайтады (
өкпелік
жүрек
).
Созылмалы эмфиземаның соңғы кезеңінде науқас адамда жүрек-өкпе
қызметінің жеткіліксіздігіне тән халдың бейнесі басты орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: