Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет397/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
327
Патологиялық анатомиясы
. Фиброзды альвеолиттің морфологиясын 
(пневмонитті) зерттеу үшін негізінен өкпенің биоптаты пайдаланылып, оның 
даму барысында үш кезең анықталған: 1) (диффузды, немесе гранулемалы) 
альвеолит кезеңі; 2) альвеолалық құрылымдардың ыдырауы (дезорганизация) 
мен пневмофиброз кезеңі

3) кәрезді (сотовые) өкпе кезеңі. 
Альвеолит
кезеңі
кейде ұзаққа созылады. Бұл кезеңде альвеолалардың 
интерстицийі мен альвеолалық жолдарға, респирациялық бөлімдер мен 
бронхиолалардың 
соңғы 
буынына 
нейтрофилдер, 
макрофагтар 
мен 
плазмациттер жиналады. Бұл — 
диффузды альвеолит 
(190-сурет). 
Альвеолалардың интерстицийі мен қан тамырларының іргесіне жасушалар 
топтасып, гранулемалар түзіледі, — 
гранулемалы альвеолит
. Жасушалар 
шоғыры альвеолалардың интерстицийіндегі капиллярларды қысып, гипоксия 
дамиды.
190-сурет. Фиброзды альвеолит. 
Альвеолалық құрылымдар ыдырап, пневмофиброз дамитын кезеңде
осы 
үдерістер басым болатыны түсінікті. Бұл кезеңде альвеолалардың бүкіл 
құрамдас бөліктері, яғни эндотелий мен эпителийлік мембраналары және 
эластикалық талшықтары ыдырап, интерстицийдегі жасушалар шоғыры көбейе 
түседі, ірі қан тамырлары мен олардың айналасындағы тін де зақымдалады. 
Альвеолалардың интерстицийіндегі коллагендік талшықтар да тым көбейіп, 
диффузды пневмофиброз өрістейді.
Кәрізді өкпе кезеңінде
альвеола-капиллярлық бөген 

блок

қалыптасып, 
панацинустық эмфизема мен бронхэктаздар дамиды, альвеолалар ірі-ірі 
қуыстарға айналып, фиброз өрістейді. Сөйтіп, кіші қанайналымы шеңберінде 
гипертензия туындап, аурудың екінші кезеңінде ұлғая бастаған жүректің оң жақ 
бөлігі одан әрі қалыңдай түседі. Ақырында науқас өкпе-жүрек қызметінің 
жеткіліксіздігіне ұшырайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   393   394   395   396   397   398   399   400   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет