Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет419/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқазанда
, әдетте эрозия көптеп қалыптасып, жылдам эпителийленеді. Ал 
ойық жаралы ауру дамыған жағдайда эрозиялар жазылмайды; некроз кілегейлі 
қабықшамен шектеліп қана қоймай, басқа да қабаттарды қамтып, жедел 
пептикалық
ойық
жараға
айналады. Олар дөңгелектеу немесе сопақтау пішінді 
болады. Жедел ойық жара өлекседен тазара келе, оның түбі бұлшықетті 
қабатпен немесе сірі қабықшамен шектелгені анықталады. Өлексеге араласқан 
гидрохлоридті гематин ойық жараның түбін көбінесе лайсаң сұр немесе қара 
түске бояйды. Кілегейлі қабықшаны терең жайлаған ақау воронка тәрізді 
болып, түбі жоғарғы, кілегейлі қабықша жаққа, ал ұшы төмен, яғни сірі 
қабықшаға бағытталады. 
Жедел ойық жара
, әдетте қарынның кіші иілімінде, антрум мен пилорус 
бөлімдерінде қалыптасады. Бұның себебі аталған бөлімдердің құрылым-
қызметтік ерекшеліктерінде. Кіші иілім «ас жолы» болып табылады, сондықтан 
ол оңай жарақаттанады. Сонымен қатар, бұл бөлімнің кілегейлі қабықшасының 
бездері бөліп шығаратын асқазан сөлі жоғары әсерлі, оның үстіне бұл жердің 
кілегей қабықшасының қатпарлары тығыздау, сондықтан жараның беті 
бұлшықетті қабат жиырылған кезде де жабылмайды. Аталған ерекшеліктердің 
әсерінен бұл жердің жедел ойық жарасының жазылуы қиын болады әрі ол 
созылмалы ойық жараға ұласуға бейім келеді. Осы себептерден созылмалы 
ойық жара да жедел ойық жара сияқты асқазанның бұл бөлімдерінде, яғни кіші 
иілімде, антрум мен пилорус бөлімдерінде жиі қалыптасып, кардиум мен 
субкардиум бөлімдерінде сирек кездеседі. 
Созылмалы ойық жара
көбінесе бір-бірден, анда-санда ғана бірнешеуден 
қалыптасады. Оның пішіні сопақтау немесе дөңгелек (
ulcus
rotundum
), диаметрі 
бірнеше миллиметрден 5—6 см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі 
тереңдікте қамтып, кейде асқазанның сірі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс, 
кейде бұдырлы. Жиектері сүйелденген, тығыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі 
келеді (каллезді ойық жара, лат.: 
callus
– сүйел; 198-сурет). Ойық жараның 
өңеш жақтағы жиегі ойыстау, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп 
тұрады да, пилорус жақтағы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жатаған 
келеді (198-суретті қара). Өйткені жараның жиегін шектейтін асқазан 
қабаттарының (перистальтикалық) амплитудасы әртүрлі. Созылмалы ойық 
жараның көлденең кесіндісінің кескіні кесілген пирамидаға ұқсайды. Жараның 
тұсындағы сірі қабықша қалыңдап, асқазан кейде бауырмен, ұйқы безімен, 
шарбымен, көлденең тоқ ішекпен бірігіп кетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   415   416   417   418   419   420   421   422   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет