Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Жалпы факторларға асқазан мен ұлтабардың қызметін реттейтін  жүйке және гуморальдық механизмдердің зақымдалуы жатса,  жергілікті



Pdf көрінісі
бет416/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   832
Байланысты:
струков патан

Жалпы
факторларға асқазан мен ұлтабардың қызметін реттейтін 
жүйке және гуморальдық механизмдердің зақымдалуы жатса, 
жергілікті
факторлар асқазан мен ұлтабардың қышқыл-пептикалық факторларымен, 
шырыштық 
бөгенмен, 
моторикасымен 
және 
кілегейлі 
қабықшаның 
морфологиясымен байланысты. 
Неврогендік факторлардың
маңызы өте зор. Жоғарыда айтылғандай, сыртқы 
(стресс) немесе ішкі (висцералдық патология) себептердің әсерінен ми 
қыртысы, аралық ми мен гипоталамустың 
жұмысын үйлесімді ете 
(координация) алмай қалады
. Сондықтан кейде (пилорус-дуоденум аймағында 
ойық жара қалыптасқанда) гипоталамус пен гипофиз және кезеген нервтің 
мидағы орталығы тым қозып, тонусы артып, қышқыл-пептикалық фактор 
жанданады; асқазанның моторикасы күшейеді. Енді бірде (асқазан денесінде 
ойық жара қалыптасқанда), керісінше, ми қыртысы гипоталамус-гипофиз 
аймағының қызметін тежеп, кезеген нервтің тонусын төмендетіп, моторикасын 
бәсеңдетеді, ал қышқыл-пептикалық фактордың әсері өзгермейді, кейде тіпті 
төмендейді. 
Гуморальдық факторлардың
ішінде негізгі рөлді гипоталамус-гипофиз-
бүйрекүсті бездерін қамтитын жүйе атқарады. Аурудың алғашқы кезеңінде 
АКТГ мен глюкокортикоидтар тым көп бөлініп, кейін азайып сарқылады. Бұл 
гормондардың кезеген нервті қоздырып, қышқыл-пептикалық факторды 
жандандыратыны белгілі. 
Гуморальдық жүйенің әсері ойық жара пилорус-дуоденум аймағында 
қалыптасқанда айқын болады. Ал ойық жара асқазан денесінде дамыса, АКТГ 
мен глюкокортикоидтардың мөлшері күрт азаяды да, жергілікті факторлардың 
рөлі арта түседі. 
Жедел ойық жараның созылмалы жараға ұласуына, аурудың асқынып, 
қайталана беруіне 
жергілікті факторлар
айтарлықтай әсер етеді. Ойық жара 
пилорус-дуоденум аймағында қалыптасқан кезде гастринтүзгіш жасушалар 
көбейіп, гастрин мен гистамин көп түзіледі, соның салдарынан 
қышқыл-
пептикалық фактор
жанданады. Мұндай жағдайда кілегейлі қабықшаны 
қорғайтын фактордан (шырышты бөгеннен) оны зақымдағыш (қышқыл-
пептикалық) фактордың әсері басым болып, пептикалық ойық жара 
қалыптасады немесе оның ағымы асқынады. Ойық жара асқазанның денесінде 
қалыптасқан жағдайда қышқыл-пептикалық фактордың белсенділігі қалыпты 
немесе жоғары болып, моторика бәсеңдейді, мүшенің іргесіне сутегі иондары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет