Нуржігіт Алтынбеков 343
сіңіп, шырышты бөген бұзылады (
сутегі иондарының кері диффузиясы теориясы ). Сондықтан лаброциттер гистаминді көп бөліп, қанайналымының
бағыты өзгеріп, тіндер дұрыс қоректенбейтін болады. Сөйтіп, асқазанның
кілегейлі қабықшасынан
созылмалы гастриттің , ал ұлтабардың кілегейлі
қабықшасынан
созылмалы дуодениттің морфологиялық бейнесіне тән
өзгерістер орын алады. Кілегейлі қабықшаның зақымдалуына
Саmруlоbаcter руlоrіdіs та қатысты сияқты.
Сонымен, ойық жаралы аурудың түрлі патогенездік факторларының маңызы
ойық жараның қалыптасқан орнына (пилорус-дуоденум аймағы, асқазан денесі)
байланысты (12-кесте). Егер пилорус-дуоденум аймағының ойық жаралы
ауруында вагус пен гастриннің әсері, қышқыл-пептикалық фактордың рөлі
басым болса, асқазан денесінің ойық жаралы ауруында вагус пен гастриннің де,
қышқыл-пептикалық фактордың да әсері онша болмайды; пептикалық ойық
жара асқазанның іргесінде қанайналымы бұзылып, заталмасулық үдеріс
зақымдалғандықтан қалыптасады.
12-кесте. Ойық жаралы аурудың патогенезінің ойық жараның даму орнына байланысты ерекшеліктері Механизмдері Ойық жаралы ауру Пилорус-дуоденум аймағының Асқазан денесінің Жалпы
жүйкелік
гормондық
гипоталамус-гипофиз-
бүйрекүсті безі жүйесі
Ми қыртысының астындағы
орталық
пен
гипоталамус–
гипофиз аймағы қозады.
Кезеген нервтің әсері артады.
АКТГ мен глюкокортикоидтар
алдымен көбейіп, кейін мүлдем
түзілмейтін болады.
Ми
қыртысының
әсерінен
гипоталамус-гипофиз
аймағының
әрекеті тежеледі.
Кезеген нервтің әсері тежеледі.
АКТГ мен глюкокортикоидтар аз
түзіледі.