Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


Этиологиясы . Ойық жараның себептерінің ішінде  стресті жайғдайлар



Pdf көрінісі
бет415/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   832
Байланысты:
струков патан

Этиологиясы
. Ойық жараның себептерінің ішінде 
стресті жайғдайлар
мен 
психоэмоциялық
қажу
басты орын алады. Осы факторлардың әсерінен мидың 
қыртыстық қабатының жұмысы бұзылып, асқазан-ұлтабар жүйесінің секрет 
түзетін қызметі мен қозғалысы дұрыс үйлестірілмей қалады да, кортико-
висцералдық өзгерістерге себеп болады. Зақымдалған мүшелерден келген 
кеселді импульстің әсерінен де ми қыртысының үйлестіру қызметі тап осылай 
бұзылып, висцеро-кортикалық өзгерістер туындатады. Ойық жаралы аурудың 
неврогендік
теориясы
айтарлықтай дәлелді болғанмен, тек қана оған сүйеніп, 
бұл аурудың барлық нысанының даму себебіне толық түсінік беруге болмайды. 
Ойық жаралы ауруды 
алиментарлық
факторлардың
(тамақтану реті мен 
тағамдардың сапасы), 
зиянды
әдеттің
(темекі мен алкогольге құнығу) және 
ацетилсалицил қышқылы, индометацин, кортикостероиодтар сияқты бірқатар 
дәрі
-
дәрмектердің
әсері де дамытады. Қанның О(І) тобы, резус-фактор 


Нуржігіт Алтынбеков 
342
болымдылық, асқазан шырышының құрамына кіретін гликопротеиндердің 
түзілуіне жауапты гистосиымдылық антигендерінің болмауы («секрет 
түзілмейтін статус») сияқты 
тұқымқуалайтын
денетұрқылық
, яғни
конституционалдық
(
гендік

факторлардың
әсері де күмән туғызбайды. Соңғы 
кезде ойық жаралы аурудың даму себебі ретінде 
Саmруlоbасtеr
руlоrіdis
деген 
инфекцияға
зор мән беріліп жүр. Бұл бактерия ұлтабар ойық жарасының 90%-
ында, ал асқазан ойық жарасының 70%-ында анықталады. 
Патогенезі

Ойық жараның патогенезі күрделі, әрі этиологиялық 
факторлармен тығыз байланысты. Ол жан-жақты айқындалған деуге болмайды. 
Ойық жараның 
патогенездік
факторлары
жалпы және жергілікті топқа 
жіктеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   411   412   413   414   415   416   417   418   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет