Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті


-сурет. Асқазанның ойық жаралы карциномасы



Pdf көрінісі
бет427/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   832
200-сурет. Асқазанның ойық жаралы карциномасы:
. а —ойық жаралық карцинома; б — түйнек тәрізді 
карцинома; в — ойық жараланған карцинома.
 
Табақша тәрізді карцинома (карциномалық ойық жара)
— асқазанда ең жиі 
байқалатын карциномалардың бірі, экзофитті өсіп, бүртікті немесе 
саңырауқұлақ тәрізді карциномадан өрбиді (200-сурет қара). Кейде өте көлемді 
болып, түсі ақшыл, жиегі буылтықтанған, ортасы ойық жаралы, дөңгелек 
құрылым түзеді. Ісік асқазанды тесіп, өзімен тұстас мүшеге жайылса, жараның 


Нуржігіт Алтынбеков 
350
түбін сол мүше шектейді. Табақша тәрізді карциноманың гистологиялық 
бейнесін көбінесе аденокарцинома, анда-санда толыспаған карцинома 
қалыптастырады. 
Ойық жаралық карциномасы
асқазандағы созылмалы ойық жарадан өрбиді. 
Сондықтан ол көбінесе созылмалы ойық жара жайғасатын жерлерде, яғни кіші 
иілімде қалыптасады. Ойық жаралық карциноманы табақша тәрізді 
карциномадан ажырату үшін ойық жаралық карциномада созылмалы ойық 
жараға тән белгілер болатынын ескерген жөн. Әдетте, ондағы тыртықты тін 
ауқымды келіп, қан тамырларының іргесі шорланады, саңылауында тромбылар 
түзіледі, жараның түбіндегі тыртықтанған бұлшықетті қабат зақымдалып, 
жараның жиегіндегі кілегейлі қабықша қалың болады. Бұл белгілер 
карциномаға айналған созылмалы ойық жарада да сақталады. Әсіресе табақша 
тәрізді карциномада ісік жайлаған бұлшықетті қабаттың зақымдалмайтынына, 
ал ойық жаралық карцинома кезінде бұл қабатты тыртықты тін жайлап, оның 
ауыр зақымдалатынына ерекше мән беріледі. Ісік көбіне экзофитті өсіп, 
жараның жиегінің бір жерінен немесе оны түгел орағыта өрістейді. 
Гистологиялық құрылысы тұрғысынан, оның көбі аденокарцинома, бірен-
сараны — толыспаған карцинома. 
Инфильтрациялы-ойық жаралы карцинома
да асқазанда едәуір жиі кездеседі. 
Асқазанның іргесін ісік, бетін жаралар жайлайды. Бұл екі үдеріс бір мезгілде 
басталмайды: бірде эндофитті өскен ісікте алдымен ойық жара пайда болса, 
кейде қатерлі ойық жара бұрын қалыптасып, содан кейін ғана оның жиегінен 
эндофитті ісік өрістейді. Сондықтан инфильтрациялы-ойық жаралы 
карциноманың морфологиялық бейнесі әртүрлі: ол іргесін ісік жасушалары 
жайлаған, тереңдігі әртүрлі, көлемі кішіректеу жара болуы да немесе жайпақ 
жиекті, түбі бұдырлы, өте көлемді ойық жара нысанында қалыптасуы да 
мүмкін. Оның гистологиялық негізі — аденокарцинома немесе толыспаған 
карцинома. 
Диффузды 
карциноманың
(199-сурет 
қара) 
үлесіне 
асқазан 
карциномаларының 20—25%-ы тиеді. Ісік эндофитті өсіп, кілегейлі қабат пен 
оның астын және бұлшықетті қабаттың дәнекер тінді қатпарларын қуалай 
өрістейді. Асқазанның барлық қабаттары қалыңдап, қатайып, сіресіп қалады. 
Ісік жайлаған жердің түсі ақшыл болады. Қатпарлары біркелкі қалыңдамаған 
кілегейлі қабықша қалыпты бедерін жоғалтып, бұдырланады, беткейінде ұсақ 
эрозиялар пайда болады. Үдеріс көбіне асқазанның пилорус бөлігін ғана 
қамтып, 
шектелген
түрде немесе мүшені түгел қамтып, 
тотал
түрде дамуы 
мүмкін. Ісік өсе келе, асқазан кішірейіп, бүріседі, саңылауы тарылады. 
Диффузды карциноманың гистологиялық құрылысы, әдетте толыспаған 
карциноманың әртүрлі варианттарымен бейнеленді. 
Карциноманың өтпелі нысаны
асқазан карциномасының 10—15%-дайын 
қамтиды. Бұл ісіктің кейбір нысандары белгілі бір даму кезеңінде негізінен 
инфильтрациялы экзофитті карцинома болып өссе, енді бірде эндофитті өсіп, 
шамалы жерді ғана қамтыған шектеулі карцинома қалыптастырады, ал кейде 
бір асқазанның өзінде карциноманың екі, тіпті одан да көп клиника-
анатомиялық нысандары бір мезгілде өрістеуі мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   423   424   425   426   427   428   429   430   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет