Нуржігіт Алтынбеков
371
Созылмалы персистенциялы гепатит
кезінде гепатоциттерді дистрофия
нашар шарпып, жасушалар шоғыры негізінен порталық аймақты қамтып,
бөлікшелердің стромасында сирек байқалады.
Созылмалы холестаздық гепатиттің
барысында айқын бейнелі холангит пен
холангиолит орын алады, строма жасушалар шоғырланып, шорланады,
гепатоциттерде дистрофия мен некробиоз дамиды.
Кейбір ғалымдар гепатиттің белсенді, үздіксіз және холестаздық нысандарымен
қатар, бауырды вирус зақымдағанда байқалатын
созылмалы бөлікшелік (лобулалық)
нысаны
да бар дейді . Гепатиттің бұл нысаны дамығанда бөлікшенің ішіндегі кейбір
гепатоциттер тобында некроз дамып, лимфоциттер шоғырланады. Сондықтан
«бөлікшелік гепатит» деген атау — бөлікшенің ішіндегі, үдерісті ғана бейнелейтін,
сипаттамалық (гистотопографиялық) мәндегі аталым.
Созылмалы гепатит кезінде бауыр ұлғайып, қатаяды, әр жері немесе түгел
қалыңдаған қабығы ақшыл болады. Тінінің кесіндісі тарғыл тартады.
Этиологиясы мен патогенезі
. Гепатит дербес ауру, яғни
біріншілік гепатит
ретінде көбіне гепатотропты вирустың (
вирустық гепатит
, алкогольдің
(
алкогольдік гепатит
) немесе дәрі-дәрмектердің (
медикаменттік
, яғни
дәрі-
дәрмектік гепатит
) әсерінен дамиды.
Холестаздық гепатитке
көбіне жасуша
сыртындағы холестаз бен бауырастылық сарғаюды өрбітетін факторлар, кейде
дәрі-дәрмектердің (метилтестостерон, фенотиазин туындыларының, т.б..) әсері
себеп болады. Дербес гепатиттердің ішінде ең маңыздылары —
вирустық
және
алкогольдік
гепатит.
Достарыңызбен бөлісу: