Нуржігіт Алтынбеков
370
Майлы гепатоздың үш даму кезеңі бар. I кезең — жай майлану кезеңі.
Гепатоциттер онша зақымдалмайды, мезенхималық жасушалардың жауабы
байқалмайды. ІІ кезеңде гепатоциттерді майлы дистрофия мен некроз шарпып,
мезенхималық жасушалар көбейеді. ІІІ кезеңде гепатоциттерде майлы
дистрофия өршіп, бауырдың бөлікшелері қалыпты құрылысынан тайып, қайта
құрылады. Бауыр стеатозының үшінші кезеңі қайтымсыз; циррозға ұласады.
Майлы гепатоз, әдетте цирроздың порталық нысанына ұласатыны бауырды
бірнеше рет биоптат алып зерттеу арқылы және эксперименттік деректермен
дәлелденген. Цирроз стеатоздан дамыса, гепатоциттердегі май тамшылары
жойылады. Бауыр стеатозымен сырқаттардың кейде денесі сарғаяда. Майлы
гепатоздың біразына созылмалы панкреатит пен әртүрлі неврит қосарланады.
Достарыңызбен бөлісу: