Нуржігіт Алтынбеков
372
НВV
вирустық гепатиттің B нысанын
дамытады. Ол қан немесе дәрі-дәрмек
құйғанда, денені инемен әшекейлегенде тері арқылы өтіп жұғады (
сарысулық
гепатит
). Оның жұғу көзі де сырқат адам яки вирустасымалдаушы.
Инкубациялық кезеңі 25—І80 күн (
инкубациялық кезеңі ұзақ гепатит
. В
вирустық гепатит жедел немесе созылмалы ағымды, дүниежүзі елдеріне кең
жайылып, біртіндеп көбеюде. Ол ЖИТС-ке жиі қосарланады («
Инфекциялық
ауруларды
» қара).
HDV — құрамында ақаулы РНҚ-ы бар вирус —
вирустық дельта-гепатитті
қоздырады.
Бірақ ол репликациялану үшін НВV мен бауырды зақымдайтын
басқа да вирустардың «көмегі» қажет. Дельта вирустық гепатит B вирустық
гепатитке қосарланады немесе НВV-тасымалдаушы адамдарда үстеме
инфекция (суперинфекция) ретінде байқалады. Дельта-гепатит жедел немесе
созылмалы ағымды болып, В вирустық гепатиттің әсерін ауырлата түседі.
Гепатиттің А
да
В
да емес нысаны бар, оның қоздырушысы әлі айқындалмаған.
Гепатиттің бұл нысанын инкубациялық мерзімі мен жұғу жолы (энтералдық,
парентералдық) әртүрлі екі қоздырушы дамытатын сияқты. Оның 50%-ы
Достарыңызбен бөлісу: