Этиологиясы мен патогенезі . Бауырдың көлемді некрозы көбінесе
экзогендік (сапасыз тағамдар, саңырауқұлақ, гелиотроп, фосфор, күшәлә)
улардан және эндогендік (жүктілік токсикозы, тиреотоксикоз) уытты әсерден
дамиды. Ол вирустық гепатиттің қатерлі (өте жедел) нысанында байқалады.
Аурудың патогенезі вирус уының гепатоциттерге әсеріне негізделген. Аллергия
мен аутоаллергияны туындататын факторлар да айтарлықтай орын алады.
Патологиялық анатомиясы . Ауру, әдетте үш аптаға созылады. Оның әр
кезеңінде бауырдың бейнесі әртүрлі.
Алғашқы күндері бауыр ұлғайып, тығыздау немесе жұмсақ болады да, үсті
мен кесіндісінің беті айқын сары түсті келеді. Кейін ол жылдам («көз алдында»)
кішірейіп, жұмсарып, қабығы әжімделеді, кесіндісінің реңі бозбалшық
тәрізденеді.
Микроскоппен зерттегенде бауыр бөлікшелерінің орталық аймағындағы
гепатоциттерді
майлы дистрофия жайлағаны, кейін ол жерлер
некроз бен
аутолиздік ыдырауға тез ұшырап, лейцин мен тирозин кристалдары араласқан
майлы-белокты өлексе түзілгені байқалады. Екінші аптаның соңына дейін
некроз өрши беріп, майлы дистрофияға ұшыраған гепатоциттердің жіңішке
жолағы бөлікшелердің жиегінде ғана қалады. Бұл кезең — аурудың
сары дистрофиялы кезеңі деп аталады.
Үшінші аптада бауыр одан әрі кішірейіп, қызарады. Өйткені, бөлікшелердегі
өлексені макрофагтар сіңіріп, жояды да, синусоидтарына қан толып, қызарған
ретикулалық строма жалаңаш қалады, бауыр жасушалары бөлікшелердің
жиегінде ғана сақталады. Осы үшінші аптадағы өзгерістер — аурудың
қызыл дистрофиялы кезеңіне тән.
Бауырдың көлемді некрозына ұшырағандардың денесі
сарғаяды ,
бауыр қақпасының маңындағы лимфалық түйіндер мен
талақ (кейде сепсис
кезіндегідей) ұлғайып, теріде, кілегейлі және сірі қабықшаларда, өкпеде қ
анды ошақтар пайда болады,
бүйрек өзекшелерінің эпителийінде некроз , ал
ұйқы безінде, миокардта және
орталық жүйке жүйесінде дистрофия мен
некробиоз орын алады.