зәрдің ағысын бұзып
,
зәрдің
Нуржігіт Алтынбеков
401
стазын
дамытатын
жергілікті себептер
де қажет. Ондай себептер бұл ауруды
қайталамалы әрі созылмалы ағымды етеді.
Патологиялық анатомиясы
. Жедел және созылмалы пилонефриттің
морфологиялық бейнесінде айырмашылық бар.
Жедел пиелонефрит
меңдеген кезде бүйректің толыққанды түбектері мен
астаушаларын лейкоциттер жайлайды, кілегейлі қабықшасында некрозды
ошақтар пайда болады, фибринді пиелит байқалады. Бүйректің екі қабатының
да аралық тіні су сіңіп ісінеді, лейкоциттер шоғырланады (234-сурет), онда ұсақ
абсцестер мен қанды ошақтар болады. Өзекшелердің эпителийін дистрофия
шарпып, саңылауын сыдырылған эпителийден түзілген цилиндрлер мен
лейкоциттер бітейді. Үдеріс ошақты немесе диффузды сипатта дамиды.
234-сурет. Пиелонефрит:
а — жедел пиелонефрит. Бүйректің аралық тінінде диффузды лейкоциттік
инфильтраттар; б —созылмалы пиелонефрит; «қалқанша бездік» бүйрек.
Толыққанды тіні ісініп, ұлғайған бүйректің (кейде бүйректердің) сыртқы
қабығы оңай сыдырылады. Түбектер мен астаушалар кеңіп, ішіне ластау зәр
немесе ірің жиналады, көмескі тартқан кілегейлі қабықшада қанды ошақтар
болады. Кескенде бүйректің тіні шұбар екені байқалады: сарғыштау боз түсті
жерлерін толыққанды, қанды ошақты аймақтар шектеп, іріңдіктер де ұшырасып
қалады.
Созылмалы пиелонефрит
кезінде әртүрлі өзгерістер орын алады: әдетте,
склероз бен экссудатты-некрозды үдерістер қабат дамиды. Түбектер мен
астаушаларға лимфоциттер мен плазмациттер жиналып, склероз өрістейді,
кілегейлі қабықшада полиптер қалыптасып, өтпелі эпителий көпқабатты
жайпақ эпителийге айналады (метаплазия). Бүйректің тінінде созылмалы
аралық қабыну дамып, дәнекер тін көбейеді, іріңдіктер қабықпен шектеледі,
іріңді өлексені макрофагтар сіңіріп, жояды. Дистрофия шарпыған өзекшелер
семеді. Зақымдалмаған өзекшелер кеңіп, эпителийі аласарады, саңылауына
коллоид тәрізді қойыртпақ зат жиналып, бүйректің жалпы құрылысы қалқанша
безге ұқсайды
(«қалқанша бездік» бүйрек
; 234-суретті қара). Әдетте,
перигломерулалық және экстракапиллярлық гломерулосклероз байқалады.
Артериялар мен веналардың іргесі де шорланады.
Созылмалы пиелонефриттің барысында көбінесе ошақты үдеріс байқалады:
аралық қабыну, атрофия мен склероз өрістеген аймақтардың төңірегінде онша
зақымдалмаған тін және регенерациялық гипертрофия көрініс береді. Бұл
үдерістердің негізінде бүйректе созылмалы пилонефритке тән кескін
қалыптасады: бүйректердің көлемі бірдей болмайды, үсті ірі бұдырлы келеді,
кескенде тыртықты аймақтар мен паренхимасы онша зақымдалмаған аймақтар
кезек ұшырасады; кеңіген түбектердің іргесі ақшылдау реңді, қалың болады.
Созылмалы пиелонефриттің ақырында бүйрек бүріседі (
пилонефриттен
бүріскен бүйрек,
яғни
бүріскен пиелонефриттік бүйрек
). Бүйректе түрлі
көлемді тыртықтар қалыптасып, кей жерлері қабығымен бірігіп кетеді, түбектер
мен оның маңындағы клетчатканы дәнекер тін жайлайды. Бүйректер біркелкі
өзгермейді. Осы белгілерге сүйене отырып, пилонефриттік нефроциррозды
|