Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет502/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
407
Бүйректің ісіктері 
Бүйректің эпителийлік ісіктеріне: 
аденома
(
қоңыр-жасушалы, ашық-
жасушалы, ацидофилді
) мен 
бүйрек-жасушалы (гипернефроидтық) карцинома
(ашық-жасушалы, түйіршікті жасушалы, безді, саркома тәрізді, аралас 
жасушалы), сондай-ақ 
нефробластома
, яғни 
Вильмс ісігі
жатады («
Экзо- және 
эндокриндік бездер мен эпителийлік жамылғылардың ісіктерін
», «
Балалық шақ 
ауруларын»
қара). Бүйрек-жасушалы ісіктер ересектердің бүйрегінде дамитын 
ісіктердің 90%-ын қамтыса, балаларда дамитын қатерлі ісіктердің 20%-ы— 
нефробластома. 
Мезенхималық ісіктер
бүйректе сирек кездеседі; дамыса, қатерсіз немесе 
қатерлі болып, дәнекер тін мен бұлшықеттерден, қан және лимфалық 
тамырлардан туындайды. 
Бүйрек ісіктерінің үлкен бір тобы — 
бүйрек түбегінің ісіктері
. Олар 
бүйректің өз ісіктеріне қарағанда бірнеше есе сирек. Қатерсіз ісіктерден түбекте 
жиі ұшырайтыны — 
өтпелі жасушалы карцинома
. Ол жеке (солитралы) немесе 
көптүйінді болады; жиі жарақаттанатындықтан, гематурия тән, бірақ түбектің 
іргесіне жайыла қоймайды. 
Папилломадан гөрі 
түбекте карцинома
жиірек. Оның гистологиялық 
бейнесін өтпелі жасушалы, жалпақ жасушалы немесе безді карцинома 
(аденокарцинома) қалыптастырады. Дегенмен, өтпелі жасушалы карцинома 
жиірек байқалады. Ол бүртікті келеді, некрозға ұшырап, жиі зақымдалып
қабынады. Бұл ісіктің өз ерекшеліктері бар: 
түбектің іргесі
мен төңірегіндегі 
клетчаткаға өрістеп, 
несепағар
мен 
қуыққа
жайылады (имплантациялық 
метастаздар). Метастаздарын қолқаның маңындағы лимфалық түйіндерге, 
бауыр мен екінші бүйрекке, өкпе мен миға да жаяды. 
Түбекте жалпақ-жасушалы карцинома лейкоплакиялық ошақтардан өрістесе, 
аденокарцинома — өтпелі эпителийден туындаған (метаплазия) безді 
эпителийлі аймақтардан дамиды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   498   499   500   501   502   503   504   505   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет