Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет504/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну зардаптары
. Дисгормондық гиперплазиялы простатапатияның 
барысында ұлғайған без үрпі жолы мен қуықтың мойнын қысып тарылтады, 
сондықтан зәрді шығару қиындайды. Қуықтың қабырғасы қалыңдап, 
компенсациялық гипертрофия дамиды. Бірақ компенсациялық мүмкіндігі 
шектеулі болғандықтан, қуыққа зәр жиылып, инфекция қосарланады, 
цистит



Нуржігіт Алтынбеков 
409
пиелит

өрлемелі пиелонефрит
өрістейді. Егер қабыну үдерісі іріңді болса, 
кейде 
уросепсис
дамиды. 
Жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы
— жиі 
байқалатын ауру; организмде гормондар тепе-теңдігі бұзылып, фолликулин 
немесе сары денешік гормоны (прогестерон) тым көбейгендіктен дамиды. 
Көбіне жасы кемелденген немесе егде тартқан әйелдер ауырады. Кейде оған 
аналық бездің дисфункциясы мен эстрогендік гормон түзетін ісіктер себеп 
болады. Әдетте, жатырдан қан кетеді. 
Безді гиперплазия дамыған жатырдың кілегейлі қабықшасының өзіндік 
бейнесі бар: қалыңдап, полиптер пайда болады. Жатыр қырындысының 
микробейнесінен
эстрогендік гормондардың әсері күшейіп, етеккірдің
пролиферациялық мерзімі ұзарып, патологиялық сипат алғаны байқалады: 
бездер ұзарып, пішіні әр алуан болады. Стромасы едәуір қалыңдап, жасушалар 
көбейеді. Егер бездерден қуыстар қалыптасса, бұл ауру 
безді-кисталы 
гиперплазия 
деп, ал атипия байқалса, — 
атипиялы
 
гиперплазия
деп аталады. 
Кілегейлі қабықшаның безді гиперплазиясына қабыну үдерісі қосарланып, 
склероз дамиды, кейде ол жатыр денесінің карциномасына ұласады. Сондықтан 
жатырдың кілегейлі қабықшасының гиперплазиясы осы мүшенің 
ракалдылық 
үдерісі
деп есептеледі. 
Эндоцервикоз
. Оның даму барысында жатыр мойнының қынаптық бөлімінің 
іргесін безді құрылымдар жайлап, сол бездерді астарлайтын эпителийлік қабат 
өзгереді. Эндоцервикоздың пролиферациялы, жай және жазылудағы нысандары 
болады, олар оның даму кезеңдерін де бейнелейді. 
Пролиферациялы
 
эндоцервикоз
дамығанда жатыр мойнындағы призмалық эпителийдің камбийлік 
(безді және жайпақ эпителий түзе алатын) элементтерінен жаңа безді 
құрылымдар қалыптасады. 
Жай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   500   501   502   503   504   505   506   507   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет