Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет500/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   832
Байланысты:
струков патан

Пато- және морфогенезі
. Нефросклероздың пато- және морфогенезінің екі 
фазасы бар: біріншісі – «нозологиялық», екіншісі — «синдромдық». Бүйректің 
бірінші 
фазадағы 
склерозы 
нефросклерозды 
туындатқан 
аурудың 
(нозологияның) пато – және морфогенезімен сабақтас. Ал екінші фазада 
аурудың патоморфологиялық және клиника-морфологиялық ерекшеліктері 
көмескі тартып немесе мүлде жойылып, бүйрек қызметінің созылмалы 
жеткіліксіздігіне 
негізделген 
синдромның 
бейнесі 
айшықталады. 
Нефросклероздың бірінші фазасы бүйректің белгілі бір құрылымдық 
(артериолалық, шумақтық немесе интерстицийлік) деңгейінде бөген 
қалыптасып, қан ағысы тежелгенге дейінгі аралықты қамтып, 
негізгі аурудың 


Нуржігіт Алтынбеков 
405
морфологиясын бейнелейді
. Оның нозологиялық ерекшеліктері бүйректің 
белгілі бір элементінде (артериолада, шумақта немесе интерстицийде) склероз 
басымырақ өрістеуімен және сол склероздың бүйректе даму сапасына 
байланысты (ХХІІ тәсім). Нефросклероздың екінші фазасы бүйректің белгілі бір 
құрылымдық (артериолалық, шумақтық, капилляр-паренхималық) деңгейінде 
бөген қалыптасып, онда қан ағысы тежелгендіктен дамитын 
гипоксиялық 
фактормен
сабақтас: гипоксия нефросклерозды өршіте түседі (XXII тәсімді 
қара). Ақырында бүйректің барлық құрылымдық элементтері біркелкі 
шорланып, нозологияның морфологиялық бейнесі көмескі тартады. 
XXII тәсім. Нефросклероздың морфогенезі 
 
 
 
Патологиялық анатомиясы
. Нефросклероз кезінде бүйрек қатайып, үстіңгі 
беті ірі немесе ұсақ бұдырлы болады, тіні қалыпты құрылысынан тайып, қайта 
құрылады (нефроцирроз). Нефросклероздың даму себебі мен нысанын анықтау 
үшін алдымен бүйректің қай үдеріске негізделіп, қалай бүріскенін бағамдау 
қажет: гипертония ауруы мен гломеруланефриттен бүріскен бүйрек — 
ұсақтүйіршікті болса, атеросклероздан, пиелонефриттен, амилоидоздан — ірі 
бұдырлы келеді. 
Созылмалы 
пиелонефрит 
Интерсти-
цийлік 
қабыну, 
бүйрек 
стромасы-
ның 
склерозы 
Өзекшелер 
төңірегін-
дегі 
капилляр-
ларда 
(капилляр-
паренхима-
лық бөген) 
қан ағысы 
тежеледі 
Созылмалы
гломеруланефрит 
Бүйрек амилоидозы, 
диабеттік
гломеруласклероз 
Артериялық 
гипертензия 
Шумақтардың 
иммун-
қабынулық 
зақымдары, 
гломерула-
склероз 
Шумақтар 
амилоидозы, 
гломеруласклероз 
Артериола-
склероз 
«Н
оз
ол
ог
ия
лы
қ»
ф
аз
а 
Шумақтарда 
қан ағысы 
тежеледі 
Шумақ 
артериолаларында 
қан ағысы 
тежеледі 
Бүйректе ишемия дамиды 
Бүйрек паренхимасы тез семіп, 
стромасында склероз дамиды 
Бүйрек бүріседі (бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі) 
«С
ин
др
ом
ды
қ»
ф
аз
а 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет