Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет498/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   832
Байланысты:
струков патан

235-сурет. Нефролитиаз. 
Бүйрек түбегіндегі тастар; гидронефроз. 
Инфекция қосарланса, нефролитиаздың морфологиялық бейнесі күрт 
өзгереді. 
Инфекция 
қосарланған 
калькулезді 
(тасты) 
гидронефроз 
(
гидроуретеронефроз

пионефрозға 
(пиоуретеранефрозға)
айналады. 
Инфекцияның әсерінен 
пиелит

пиелонефрит

апостемалы (іріңдікті) нефрит
дамып, ірің бүйректің паренхимасын жидітеді. Қабыну үдерісі көбінесе 
бүйректің маңындағы клетчаткаға жайылып, 
созылмалы пиелонефрит
дамиды. 
Сөйтіп, бүйректі грануляциялы, майлы, фиброзды тіннен қалыптасқан, қалың 
қабық қоршап алады (
сауытты бүйрек
), кейде бүйрек толық, семіп, орнын 
фиброзды-майлы тін жайлап кетеді (
май жайлаған бүйрек
). 
Тасты (несеп тасты) бүйрек ауруы көбіне 
пиелонефритпен
асқынады

Әсіресе 
пионефроз
бен 
бүйректің іріңдеп жидігені
қауіпті, өйткені 
сепсиске
ұласады. 
Бүйрек қызметінің жедел жеткіліксіздігі
сирек байқалады. Тасты 
бүйрек ауруы ұзаққа созылып, фиброзды, майлы тін жайлап, бүйрек семіп 
қалса, 
бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігіне
ұшыратады. 
Нефролитиазбен 
сырқаттар 
көбінесе 
уремиядан 
немесе 
бүйрегі 
іріңдегендіктен 
өледі

Бүйрек поликостозы 
Бүйрек поликистозы
— тұқымқуалайтын ауру; паренхимасы едәуір дұрыс 
қалыптасқан қос бүйректің өзекшелері мен жинағыш түтікшелерінің біразы 
кистаға айналады. 
Этиологиясы мен патогенезі.
Бүйрек поликистозы балаларда аутосомды-
рецессивтік, 
ал 
ересек 
адамдарда 
аутосомды-доминантты 
негізде 
тұқымқуалайды. Поликистоз жүктіліктің алғашқы апталарында эмбриогенез 
дұрыс жүзеге аспағандықтан дамитын сияқты; бүйректе 
гломерулалық

тубулалық
және 
экскрециялық кисталар
сол себепті қалыптасуы мүмкін. 
Гломерулалық кисталар өзекшелермен жалғаспайды, сондықтан бүйрек 
қызметінің жеткіліксіздігі ерте дамиды. Иректі өзекшелерден қалыптасатын 
тубулалық кисталар мен жинағыш түтікшелерден түзілетін экскрециялық 
кисталардың ішіне сұйықтық жиналады, сондықтан олар біртіндеп ұлғайып, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   494   495   496   497   498   499   500   501   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет