Нуржігіт Алтынбеков 408
Жыныстық мүшелер мен сүт безінің аурулары Жыныстық мүшелер мен сүт безінің аурулары дисгормондық, қабыну және
ісік үдерістеріне негізделіп, үш топқа бөлінеді. Бұл мүшелердегі өзгерістерді
дұрыс сараптау үшін науқастың жас шамасын ескерген жөн.
Жыныстық мүшелер мен сүт безінің дисгормондық аурулары Жыныстық мүшелер мен сүт бездерінің дисгормондық ауруларына қуықасты безінің нодулалық (түйінді) гиперплазиясы мен аденомасы,
жатырдың кілегейлі қабықшасының безді гиперплазиясы, жатыр мойнының
эндоцервикозы, аденоматозы мен полиптері және емшек безінің қатерсіз
дисплазиясы жатады.
Қуық безінің нодулалы (түйінді) гиперплазиясы мен аденомасы (дисгормондық гиперплазиялы простатапатия) жасы 70-тен асқан ер
адамдардың 95%-ында байқалады. Без ұлғайып, жұмсақтау серпімді, кейде
бұдырлы болады. Әсіресе бездің қуыққа шығыңқы ортаңғы бөлімі ұлғайып,
зәрді шығаруды бөгеп, қиындатады. Ұлғайған бездің кесіндісі дәнекер тінмен
шектелген түйіндерден құрылады.
Гистологиялық бейнесіне қарай, қуықасты безінің түйінді гиперплазиясы
безді (аденомалы), бұлшықетті-фиброзды (стромалық) және аралас нысандарға
жіктеледі.
Безді гиперплазия. Қуықасты безіндегі бездер көбейіп, көлемі мен құрамы
әртүрлі бөлікшелер түзіледі.
Гипертрофия бұлшықетті-фиброзды (стромалық )
болса, қуықасты безінің бірыңғай салалы бұлшықет талшықтары көбейіп,
олардың арасындағы бездер семіп, мүшенің бөлікшелерінің құрылымы
бұзылады. Простатапатияның
аралас нысанында бұл аурудың алғашқы екі
нысанындағы негізгі үдерістер ұштасады. Көбінесе ретенциялық кисталар
пайда болады.
Қуықасты безіндегі
аденоманың гистологиялық бейнесінен айтарлықтай
ерекшелік байқала қоймайды.