Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет509/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
413
Жатыр денесінің карциномасы — түсті капуста немесе жуан түбірлі полип 
пішінді, экзофитті өсетін ісік. Кейде ол жатырдың қуысын түгел жайлап, 
жидиді, үсті жараланады, анда-санда эндофитті де өседі. 
Гистологиялық
нысандары: жоғары, орташа және төмен деңгейде толысқан 
аденокарцинома; кейде толыспаған карцинома. 
Жатыр карциномасы 
метастаздарын
алдымен кіші жамбас қуысындағы 
лимфалық түйіндерге жайып, гематогендік жолмен сирек өрістейді. 
Жатырдың қатерлі ісіктерінің бірі — 
хорионэпителиома
(«Экзокриндік бездер 
мен эпителийлік жамылғының ісіктерін»
қара). 
Аналық бездің
карциномасы
әйелдердің жыныстық мүшелерінде дамитын 
ісіктердің ішінде жатыр мойнының карциномасынан кейінгі екінші орында. Ол 
аналық бездің қалыпты элементтерінен (жамылғылық мезотелий, аналық 
жасуша мен оның туындыларынан, гранулалы жасушалардан), рудименттік 
құрылымдардан (алғашқы бүйректен, яғни Вольф өзекшесінен) немесе 
эмбриондық қалдықтардан өнеді. Дегенмен, аналық без карциномасының көбі 
қатерліленген ұйымалы және муцинді қатерсіз ісіктерден өрбиді. Ол — түрлі 
көлемді, бұдырлы түйін. Гистологиялық бейнесін көбіне 
қатерлі ұйымалы
немесе 
қатерлі жалғанмуцинді ісік
түзеді («
Экзокриндік бездер мен 
эпителийлік жамылғының ісіктерін»
қара). 
Бұл ісік 
метастаздарын
лимфагендік және гематогендік жолмен лимфалық 
түйіндерге, іш пердесіне, басқа да мүшелерге жаяды. 
Сүт безінің карциномасы
әйелдерде байқалатын қатерлі ісіктердің ішінде 
бірінші орында. Сүт безі карциномасының көбі ракалдылық үдерістерден 
өрбиді. Ондай үдерістерге ең алдымен сүт 
безінің қатерсіз дисплазиясы
мен 
өзекшелік папилломалар
жатады. 
Макробейнелік тұрғыдан, сүт безінің карциномасы түйінді және диффузды, 
үрпі және үрпі өңірі карциномасына (сүт безінің Педжет ауруы) жіктеледі. 
Түйінді
 
карциноманың
диаметрі бірнеше сантиметрден аспайды. Бірде ол 
ақшыл жолақты тіні төңірегіндегі клетчаткаға жайылған қатты түйін болса, енді 
бірде — кескенде шырынды, жидіген, жұмсақ түйін. 
Диффузды
 
карцинома
сүт 
безінің біраз жерін қамтып, айқын шектелмейді. Кейде бұл карцинома терінің 
үстіне жайылап, саңырауқұлақ тәрізді құрылым қалыптастырады, жылдам 
жидіп, 
рактық ойық жараға
айналады. Ісіктің біразы сүт безінің үстін жайлап, 
оны сауытпен қаптағандай етіп, қатайтады (
сауыт карцинома;
238-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет