Қуықасты безінің карциномасы. Ол
еркектерде байқалатын ісіктердің
ішінде екінші орын алып, көбіне қарт адамдарда дамиды. Оған, әсіресе
андрогендердің дұрыс түзілмеуі себеп болады. Бұл ісіктің біразы
қуық безінің гиперплазиясынан туындайды.
Қуықасты безі ұлғайып, қатайып, бұдырлы болады. Оны кескенде өзара
шырмалған фиброзды тін жолақтарының арасынан бозғылт сары түсті
карцинома тіні де байқалады. Кейде өте кішкентай болып, микроскоппен ғана
анықталады.
Ісіктің
микробейнесін аденокарцинома, кейде
толыспаған карцинома құрайды.
Бұл ісік көбіне бездің төңірегіндегі қуық, көтен ішек, шәуһет көпіршіктері
сияқты мүшелерге жайылады. Ал
метастаздарын лимфагендік жолмен кіші
жамбас қуысындағы мүшелерге, мықын мен шаптағы лимфалық түйіндерге
, гематогендік жолмен
ішкі мүшелерге , әсіресе
сүйектерге таратады.
Енде (
аталық безде) карцинома сирек кездеседі. Оның даму тегі мен
морфологиялық құрылысы әр алуан. Онда
семинома жиі кездесіп,
эмбриондық карцинома мен
тератобластома да ұшырасады. Тератоидтық ісіктер тобынан
енде анда-санда
хорионэпителиома (хорионкарцинома
да байқалады. Ендегі
карциноманың көлемі үлкен бола қоймайды, бірақ
лимфагендік және
гематогендік метастаздарын басқа мүшелер мен тіндерге тез жаяды.
Ен қосалқысының, шауһет бауының және
ен қабықшаларының ісіктері еннің
өзінің ісіктерінен де сирек. Бұл топқа жататын ісіктер эпителийден де, басқа
тіндерден де дамып, қатерсіз де, қатерлі де болады. Еннің қосалқысында
эпителийлік ісіктер басым болса, шауһет бауы мен еннің қабықшаларында
басқа тіндерден жиірек өнеді. Бұл құрылымдарда
аденоматоидтық ісік (ен
қосалқысының
мезателиомасы
, қосалқының
карциномасы, ен қынабы
қабықшасының
мезателиомасы, шауһет бауының
саркомасы (ювенильдік рабдомиосаркома), т.б. байқалады.