Нуржігіт Алтынбеков 415
Жүктілік пен босанғаннан кейінгі кезеңдердің аурулары Жүктілік кезінде жүйке-гормондық жүйенің қызметі өзгеріп, кейде
жүктіліктің барысына кері әсерін тигізеді және жүктілік
патологиясына себеп
болады.
Жүктілік патологиясына: 1) гестоз (жүктілік токсикозы), 2) жатырдан тысқы
жүктілік, 3) өздігінен түсік тастау, 4) мезгілінен бұрын босану және 5) қағанақ
кезбесі жатады. Сонымен қатар, босанғаннан немесе түсіктен кейін
плаценталық
полип,
хорионэпителиома
және
жатырдың
босанулық
инфекциялары байқалады.
Гестоз (латынша:
gesto — көтеру, жүкті болу), яғни жүктілік токсикозы —
жүктілік шемені, нефропатия, преэклампсия мен эклампсия аурулары тобының
жалпылама атауы.
Этиологиясы мен патогенезі. Гестоздың себептері әлі белгісіз. Патогенезі
бүйректік, гормондық, коагуляциялық, нейрогендік, т.б. теориялар тұрғысынан
пайымдалады, бірақ оладың ішінде ең дәйектісі —
иммунологиялық теория.
Бұл теория бойынша, плацентаның бөгендік қасиеті өзгеріп, ананың
организмінде нәрестенің антигені толық «танылмай» қалады. Ал ана
организмінде шараналық антигеннің толық танылмауы мен супрессорлық
факторлардың (антиденелер, т.б тежейтін Т-супрессорлар) жеткіліксіз
түзілуінің
себебі
ана
мен
оның
күйеуіндегі
және
нәрестедегі
гистосыйысушылық
антигендерінің
D
тобының
салыстырмалы
гомозиготалығымен байланысты сияқты. Супрессорлық факторлар жеткіліксіз
болғандықтан, организмнің жауабына иммундық жасушалар мен иммундық
кешендер қатынасады. Иммундық кешендер жүкті ананың қан арнасында және
плацентаның қан тамырларында пайда болып, трансплантантты шектеп
аластағанда байқалатын үдерісті өрістетеді. Иммундық
кешендердің әсерінен
гестоз кезінде басқа мүшелер де зақымдалады (
жүктілік нефропатиясы ).
Организмнің ангиотензинге сезімталдағы күрт артып, жалпы ангиоспазм мен
артериялық гипертония дамиды.
Гестоздың даму барысында қан арнасына плацентадан тромбпластин көп
өтіп, қан дұрыс ұйымайды. Сондықтан көптеген қан тамырларындағы қан
(диссеминацияы) ұйиды (ҚДҰ-синдром); оның бейнесі әсіресе эклампсия
кезінде айқын.
Эклампсия — токсикоздың клиникалық мәні зор әрі қауіпті нысаны. Ол
жүктіліктің екінші жартысында, босанған кезде және босанғаннан кейінгі
кезеңде дамиды.