Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет528/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   832
Нуржігіт Алтынбеков 
428

Авитаминоздар 
Витаминдер 
(қазақша: дәрумен) тағамдардың құрамына кіреді. Организмнің 
тіршілігі үшін олардың маңызы өте зор. Витаминдер экзогендік немесе 
эндогендік себептерден организмде мүлде болмаса немесе жеткіліксіз болса, 
бірқатар патологиялық үдерістер мен аурулар — гиповитаминоздар мен 
авитаминоздар — дамиды. 
Витаминдер жеткіліксіз немесе мүлде болмағандықтан жиі дамитын аурулар: 
рахит (мешел), цинга (құрқұлақ), ксерофтальмия, пеллагра, витамин-В
12
мен 
фолий қышқылының тапшылығы. 
Рахит 
Рахит
(грекше: 
rachis
— омыртқа жотасы; қазақша: мешел) — D-гипо- 
немесе авитаминозы. 
Классификациясы
. Рахиттің бірнеше нысаны бар: 1) әр жастағы балаларда 
дамитын классикалық нысаны (3 айдан 1 жасқа толғанға дейін дамыса, 
ерте 
рахит,
3-6 жас аралығында — 
кешеуіл рахит
); 2) D-витаминтәуелді рахит — 
аутосомды-рецессивті тұқымқуалайтын ауру; 3) D-витамин резистентті рахит 
— жыныстық X-хромосомамен тіркесіп, тұқымқуалайтын ауру; 4) ересектер 
рахиті, яғни остеомаляция. Бұлардың ішінде ерекше көңіл аударарлық нысаны 
— балалардың классикалық рахиті мен ересектер рахиті. 
Этиологиясы
. Рахиттің негізгі себебі — D витаминінің жеткіліксіздігі. Ол: 1) 
тұқым қуалап, 2) D
3
витаминнің түзілуіне қажетті ультракүлгін сәуле тапшы 
болғанда, 3) тағамда D витамині аз болғанда, 4) D витамині ішек арқылы дұрыс 
сіңірілмегенде, 5) D витамині жеткілікті түскенмен, организмге қажеттілігі тым 
артқанда, 6) созылмалы бүйрек және бауыр ауруларының әсерінен D
3
витаминінің белсенді метаболиттері — 1,25 (ОН)D
3
, дұрыс қалыптаспағанда 
дамиды. Ал ересектер D авитаминозы көбіне асқазан-ішек ауруларының 
салдарынан бұл витамин дұрыс сіңірілмегенде немесе жүктілік, гипертиреоз, 
реналдық ацидоз сияқты себептерден D витаминінің организмге қажетті 
мөлшері тым артқан жағдайда байқалады. 
Патогенезі
. Аурудың патогенезі кальций мен фосфор алмасуының терең 
зақымдалуына негізделген. Соның салдарынан остеоидтық тін кальций 
фосфатын сіңіре алмайды да, дұрыс ізбестенбейді. Рахитпен сырқаттың 
қанында бейорганикалық фосфор азайып (
гипофосфатемия
), тіндерінде тотығу 
үдерісі бәсеңдеп, ацидоз дамиды. Белоктар мен липидтер де дұрыс алмаспайды; 
әрі май қышқылдарының рахит ауруының ағымын жандандырғыш қасиеті бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет