Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет531/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   832
Байланысты:
струков патан

Асқыну зардаптары
. Көбіне қанталаған жерлер инфекция түсіп, қабынады. 
Стоматит пен гингивит дамиды, тістер босап, түсіп қалады. Тілде, бадамша 
бездерде ойық жаралар мен некрозды ошақтар пайда болады (ойық жаралы 
глоссит, флегмоналы және гангреналы ангина). Бактериялар тынысалу жолдары 
арқылы өкпеге өтсе (аспирация), пневмония, абсцесс, гангрена орын алады; 
кейде туберкулез жанданады. Энтерит пен колит те байқалады. 
Ксерофтальмия 
Ксерофтальмия 
(грекше

хеrоs
— құрғақ, 
орһtһаlmоs
— көз) — 
авитаминоз 
А. 
Этиологиясы мен патогенезі.
А-авитаминоз мынадай экзогендік және 
эндогендік себептерден дамиды

тағамдарда витамин аз болғанда; витамин А 
мен майлар ішекте дұрыс сіңірілмегенде; бірқатар патологиялық үдерістер мен 
аурулардың әсерінен бұл витамин тым көп жұмсалғанда. Витамин А-ның 
эпителийдің тіршілігі мен көздегі родопсиннің түзілуіне тікелей әсері бар екені 
белгілі. Витамин А жеткіліксіз болса, призматәрізді және өтпелі эпителий 
көпқабатты қасаңданатын эпителийге айналады (
метаплазия
). Көз пурпуры 
дұрыс түзілмесе, 
гемералопия
(
ақшам соқыр

пайда болады. Тынысалу 
жолдарының, әсіресе кеңірдек пен бронхылардың, призматәрізді эпителийі 
қызылшамен және гриппен ауырғанда метаплазияланады; өйткені витамин А-


Нуржігіт Алтынбеков 
431
ның эндогендік жеткіліксіздігі орын алады. Витамин А-ның эндогендік 
жеткіліксіздігі басқа да жұқпалы ауруларда (мысалы, туберкулезде) байқалады. 
Патологиялық 
анатомиясы.
Ксерофтальмия 
кезінде 
кілегейлі 
қабықшалардың эпителийі метаплазияланып қабынады (90-суретті қара). 
Әсіресе көздің конъюнктивасы мен қасаң қабығының көпқабатты жайпақ 
эпителийі өте қасаңданады. Сондай-ақ, көзжасылық без семіп, секреті азаяды. 
Қасаң қабықша мен конъюнктива құрғап, ақшылдау тартады. Қасаң 
қабықшаның тінін дистрофия мен некроз шарпып (
кератомаляция
), күрт 
көмескіленеді. Тынысалу жолдары (кеңсірік, кеңірдек, бронхылар) мен 
зәршығаратын жолдардың, қынап пен жатырдың кілегейлі қабықшасының және 
қуықасты безі мен ұйқы безінің эпителийі де метаплазияланады. Зақымдалған 
кілегейлі қабықшалар кейін қабынып, ойық жаралар қалыптасады. Авитаминоз 
А-ға ұшырағандардың түрлі жаралары мен жарақаттары баяу жазылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет