Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет536/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   832
Байланысты:
струков патан

Патологиялық 
анатомиясы

Гематогендік 
жедел 
остеомиелит
флегмоналы

кейде ұйымалы

болып, сүйектің кемігін, Гаверс өзекшелері мен 
қабығын да қамтиды; сүйек кемігі мен тығыз табақшаларда некрозды ошақтар 
қалыптасады. Сүйектің эпифиздік шеміршегімен тұстас жерлері тым ыдырап 
жойылады, кейде метафиз эпифизден ажырап, ол жер қозғалмалы болып, буын 
қалыпты сиқынан таяды. Некрозды аймақтарды нейтрофилдер қоршап, тығыз 
табақшалардың қан тамырларында тромбылар пайда болады. Сүйек қабығының 
астында іріңдіктер түзіліп, төңірегіндегі жұмсақ тінді флегмона жайлайды. 
Гематогендік созылмалы остеомиелит
ұзаққа созылған іріңді үдерістен 
туындап, сүйектік секвестрлер қалыптастырады. Секвестрлер грануляциялық 
тінмен қоршалып, қабықпен шектеледі. Кейде олар ірің толған қуыста қалқып 
жүреді. Бұл қуыстар жыланкөздер арқылы дененің сыртымен немесе ішкі 
қуыстармен, буынның қуысымен жалғасады. Сүйектің қабығы мен өзегінде 
жаңа сүйек те түзіліп жатады. Сүйек жуандап, қалыпты сиқынан таяды. 
Эндостыда түзілген сүйектік тін (остеофит) кейде сүйектің өзегін бітеп, тығыз 
табақшаларды қалыңдатады. Сүйектік тін ыдырып, әр жері немесе барлық жері 
сирейді. Гематогендік созылмалы остеомиелиттің барысында іріңдеген жұмсақ 
тінді тыртық басады. 
Созылмалы остеомиелиттің ерекше нысаны — Броди абсцесі (іріңдігі). Ол
- ішіне ірің толған, іргесі тегіс қуыс; ішкі беті грануляциялық тінмен астарланып,
сырты фиброзды қабықпен шектеледі. Грануляциялық тінде плазмациттер мен
эозинофилдер көп. Әдетте, жыланкөз қалыптаспайды, сүйектің сиқы бұзылмайды. 
Асқыну зардаптары
. Жыланкөздерден қан кетеді. Сүйектер өздігінен
сынады. Кейде жалған буын қалыптасады, патологиялық үдерістен буын
шығады. Сепсис дамиды. Созылмалы остеомиелит салдарлық амилоидозбен 
де асқынуы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   532   533   534   535   536   537   538   539   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет