Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет534/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   832
Байланысты:
струков патан

Нуржігіт Алтынбеков 
433
остеоидтық тін тым көбейіп, әртүрлі қуыстар қалыптасады. Олардың ішіне қан 
толып, гемосидерин жиналады. Остеопороз дамып, тез арада қалыпты сиқынан 
тайып, сүйектер сынғыш келеді. А.В. Русаков 
алып жасушалы ісік 
(остеобластокластома)
деп атаған, ісіктәрізді құрылымдар түзіледі. Олардың 
шынайы ісіктен айырмашылығы бар: негізгі үдерістерге жауап ретінде дамып, 
алып жасушалы гранулемалардан құрылады. Бұл құрылымдар қалқанша бездегі 
ісікті алып тастағаннан кейін жойылады. 
Паратиреоидтық остеодистрофияның салдарынан гиперкальциемия дамып, 
ізбесті метастаздар қалыптасады. 
(«Минералдар алмасуының бұзылуын 
(минералдық дистрофияларды
» қара). Нефрокальциноз бен нефролитиаз орын 
алып, созылмалы пиелонефритке ұшыратады. 
Патологиялық анатомиясы
. Калқанша маңы безінде көбіне аденома өседі, 
кейде бездегі жасушалар көбейеді, карцинома өте сирек байқалады. Ісік бұл 
безден тыс дамып, қалқанша безде немесе кеуде қуысында, кеңірдектің немесе 
өңештің артында жайғасуы да мүмкін. 
Қаңқалық сүйектер остеодистрофияның даму кезеңі мен мерзіміне сәйкес 
өзгереді. Аурудың алғашқы кезеңінде немесе паратгормонның әсері онша 
болмаған жағдайда, сүйектердің кескіні де тым өзгере қоймайды. Ал ауру 
меңдеген кезде, әдетте күш көбірек түсетін аяқ пен қол сүйектері, омыртқа 
жотасы мен қабырғалар қалыпты сиқынан таяды. Олар жұмсарып, кеуектеніп 
(остеопороз), оңай кесіледі, құрамында ісіктәрізді құрылымдар пайда болып, 
қалыпты сиқынан таяды. Бұл құрылымдарда сарғыш аймақтар мен қызғылт 
қоңыр және қоңыр түсті аймақтар, кисталар аралас жайғасып, сүйектердің 
кесіндісі тарғыл тартады. 
Микробейнесі.
Сүйек тінінде лакуналар қалыптасып (243-сурет), фиброзды 
тін өсіп, кейде остеоидтық табақшалар түзіледі. Ісіктәрізді құрылымдарға алып 
жасушалы гранулемалар, эритроциттер мен гемосидерин шоғырланады, 
кисталар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   530   531   532   533   534   535   536   537   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет