Нуржігіт Алтынбеков
444
деменцияның ми инфарктісінен, гидроцефалиядан, әртүрлі энцефалиттен, баяу
ағымды вирустық инфекциялардан, қордалану ауруларынан дамыған
деменциядан айырмашылығы бар. Пресенилдік деменция 40—65-тер
шамасындағыларда (егде тартқандарда) дамиды, науқастың ақыл-есі біртіндеп
кемиді. Ал 65-тен асқанда басталған деменция қарттық (сенилдік) алжасу деп
аталады. Пик ауруымен сырқаттанса, егде адам мүлдем алжасып, біртіндеп
сөйлеу қабілетінен де айрылады.
Альцгеймер ауруының барысында адам ақыл-ой қабілетінен айрылып,
эмоциялық ахуалы тұрақсыз болады, бірақ ошақты неврологиялық нышандар
байқалмайды. Көбіне мидың маңдай, самай және шүйде бөлімдері тез, әрі толық
семіп, соған сәйкес клиникалық бейне қалыптасады.
Этиологиясы мен патогенезі
. Бұл аурулардың себебі мен даму барысы
толық айқындалмаған. Ол ми қыртысындағы құрылымдарда ацетилхолин мен
оған қатысты ферменттердің жүре болатын тапшылығынан дамитыны жайлы
жорамал айтылады. Соңғы кезде Альцгеймер ауруының клиникалық бейнесі
мидың кәрілік амилоидозымен
байланысты екені анықталды. Бұл амилоидоз
науқастардың бәрінде (100%) байқалады. Сондықтан Альцгеймер ауруын
мидың кәрілік амилоидозының бір нысаны дейтін де пікір ұшырасып қалады.
Амилоид мидағы
кәрілік түйнектерінде
(бляшка), ми мен оның
қабықшаларының қан тамырларында және қан тамырлық өрмелерде түзіледі.
Ми амилоидының гені 21-ші хромосомада жайғасатын 4КД-белоктан
құрылатыны қазір белгілі. Альцгеймер ауруымен сырқаттарда амилоидтың
фибриллалары жасушаның сыртында түзіліп, кәрілік түйнектерінің негізін
қалайды, оның үстіне жасушаның ішіндегі фибриллалы құрылымдар, яғни
цитоскелеттік белоктар өте зақымды болады. Бұл құрылымдар ширатылған
филаменттер жұбынан және түзу түтікшелерден түзіліп, біртіндеп
нейрондардың цитоплазмасына жиналады. Олар жасушаны толық жайлап,
ерекше
нейрофибриллалық өрмелер
қалыптастырады. Нейрофибриллалық
өрмелердің филаменттерінің диаметрі 7—9 нм, құрамына ерекше белок (тау-
белок) пен микротүтікшелік және нейрофиламенттік белоктар кіреді.
Проксимал дендриттердің цитоскелеті де зақымды болып, оған актинді
микрофиламенттер (Хирано денешіктері) шоғырланады. Цитоскелеттің зақымы
мен амилоидоздың арақатынасы әлі толық зерттелмеген, бірақ мидың тінінде
амилоид фибриллалардан бұрын түзілетіні айқын.
Достарыңызбен бөлісу: