Нуржігіт Алтынбеков 1 А. И. Струков, В. В. Серов патологиялық анатомия бесінші басылым, стереотипті



Pdf көрінісі
бет550/832
Дата20.09.2023
өлшемі7,24 Mb.
#109191
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   832
Патологиялық анатомиясы
. Мәйітті зерттегенде мидың қыртыстық 
қабатының семгені байқалады (мидың маңдай, самай және шүйде бөлімдері 
жұқарады). Көбіне гидроцефалия дамиды. 
Микроскоппен
зерттегенде
мидың қыртыстық қабаты семген бөлімдерінен, 
гипокамп пен бадамшалардан кәрілік түйнектерін, нейрофибриллалық өрмелер 
(шумақтар) мен зақымды нейрондарды, Хирано денешіктерін көреміз. Сенилдік 
түйнектер мен нейрофибриллалық өрмелер, әдетте мидың қыртыстық 
қабатының қозғалтқыш және сезім аймақтарынан басқа жерлердің бәрінен, 
нейрофибриллалық өрмелер көбіне Мейнерттің базалдық ядросынан, ал Хирано 
денешіктері гипокамптағы ядролардан табылады. 


Нуржігіт Алтынбеков 
445
Сенилдік түйнектер амилоидтан түзіліп, ширатылған филаменттер жұбымен 
қоршалады (248-сурет); түйнектің жиегінде микроглиялық жасушалар мен 
кейде астроциттер болады. Нейрофибриллалық өрмелер де ширатылған 
филаменттер жұбынан түзіледі, күміспен жақсы айқындалады (импрегнация). 
Нейронның цитоплазмасындағы өрмелерді фибриллалы және түзу түтікшелі 
шумақтар мен түйіншектер құрайды; филаменттердің ультрақұрылымын 
нейрофиламенттер түзеді. Мидың зақымды бөлімдеріндегі нейрондар кішірейіп, 
цитоплазмасына көпіршіктер мен аргирофилді түйіршіктер жиналады. 
Проксимал дендриттердегі Хирано денешіктері бағыттас жайғасқан актин 
филаменттерінен құрылып, эозинофилді қосымшалар тәрізді болады.
248-сурет. Альцгеймер ауруы:
а — кәрілік түйнегі; Бильшовскийдің тәсілімен күміспен айқындалған; б —
амилоидтың поляризациялық анизотропиясы. Қызыл конгомен боялған.
 
Сырқат адамдар, әдетте респирациялық инфекциялар мен 
бронхпневмониядан 
өледі

Амиотрофиялық бүйірлік склероз 
Амиотрофиялық бүйірлік склероз
(Шарко ауруы) — жүйке жүйесінің 
өршімелі ауруы; ол жұлынның алдыңғы және артқы бағанын, шеткі нервтерді
зақымдайды. Алдымен қолдың бұлшықеттерінде спазмды парез басталып, кейін 
бұлшықеттер семіп, сіңір мен сүйек қабығының рефлексі үдейді. Ер адамдар 
әйелдерден екі есе жиірек ауырады. Аурудың клиникалық нышандары, әдетте 
орта жаста біліне бастап, біртіндеп өршіп, қимыл әрекетін бұзып, ақырында 
бірнеше (2—6) жылдан соң өлімге ұшыратады. Кейде ауру жедел ағымды 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   832




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет